ЖАСТАР АРАСЫНДА “IQ DODA” ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ

0
79

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Жастар саясатында қазқстандық балалар, жасөспірімдер мен жастардың жан-жақты дамып, заманауи білімдерді игеріп, цифрлық, айти технологияларды меңгеріп, робототехниканы жақсы біліп, қоғамда белсенді болып өсуін қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның болашағының берік іргетасын қалау мақсаты міндет етіп қойылған. Осы міндетті орындау жолында Түркістан облысында да көптеген жұмыстар жүргізілуде.
Түркістан облысының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен 25 қазан — Республика күні мерекесі қарсаңында “40 күн ой мен той” жобасы аясында Бәйдібек және Түлкібас аудандарының ұйымдастыруымен жастар ресурстық орталығы қызметкерлері арасында “IQ DODA” интеллектуалды ойыны өткізілді.
Интеллектуалды сайысты “Конгресс Холл”көпсалалы кешенінің директоры Кенехан Асқар Оразханұлы және облыстық “Жастар ресурстық орталығы” КММ басшысының орынбасары Пердебек Есқұлов ашты. Жастарға сәттілік тілеп, ойынның қызықты әрі жоғары дәрежеде өтуіне сенім білдірді.
Білімділер сайысына аудандар мен қалалардан келген 12 команда қатысты. 5 кезеңнен тұратын сайыста командалар өз білімдерін ортаға салып, өзара мықтыны анықтады.
Сайыс нәтижесі бойынша І орынды созақтық “Теріскей” командасы иеленді. Жүлделі ІІ орынға “Арыс арулары” (Арыс қаласы) тұрақтады. Сондай-ақ, Сайрам ауданының “Эрудит” командасы ІІІ орынды місе тұтып, “Үздік команда” номинациясымен “Кентау жастары” марапатталды.
Жарысқа қатысушы командаларға арнайы диплом, алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Жас ұрпақтың саналы да білімді, білгір де белсенді болуы, мемлекеттің болашақ тірегі болуы мектеп қабырғасында берілген білім мен тәрбиеден басталады. Яғни балаларға сабақ беруші педагогтердің біліктілігі мен тәжірибесіне, ізденімпаздығы мен инновациялық белсенділігіне көп нәрсе байланысты. Сондықтан да педагогтердің біліктілігі мен тәжірбесін жетілдіру мақсатында курстар, семинарлар жиі өткізіледі.
Түркістан облысы білім басқармасының » Білім беруді дамыту орталығының » және Түлкібас ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес 2024 жылдың 8 қазан күні С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектептің базасында » Ауыл мектебі- әр баланың тең мүмкіндіктер кеңістігі » тақырыбында ағылшын тілі пәні педагогтеріне арналған облыстық оқыту семинары ұйымдастырылып өтті.
Семинардың мақсаты: ауыл мектептеріндегі оқушыларға сапалы білім алуда тең мүмкіндік жасау, білім беру үдерісін жетілдіру, озат педагогикалық тәжірибені тарату, педагогикалық қауымдастықтың дамуына үздіксіз ықпал ету. Нысаналы мектептердегі білім сапасын жақсарту арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін арттыру және оларды бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Семинар барысында Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты С.Сейфуллин және Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәні педагогтері Төлеби және Сайрам ауданынын педагогтермен ауыл мектептерінің білім беру сапасын арттыру жолындағы ізденісті еңбектерімен тәжірибе алмасты.Тәжірибе алмасу шеңберінде аудан педагогтері түрлі тренингтер, шебер сыныптар, дебаттық клуб жұмыстары, шеберханалар, телевизиялық шоу бағдарламалар, TEDx форматындағы өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікіралмасты.
Әр баланың пәндік білімдерін тереңдетуге, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, алған білімдерін іс-тәжірибесі мен өмірде пайдалануға бағытталған оқыту семинары оқушылар мен педагогтер үшін өте ұтымды үйлестірілді.
Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының» шетел тілдері пәні әдіскері Нарымбетов Мақсат Әбдіжаппарұлы,Түлкібас ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Шолтаева Назира Мендебайқызы семинардың фасилитациялық сессия барысында оқушылардың оқу жетістіктері мен жеке даму мүмкіндіктерін кеңейту,инклюзивті білім беру жүйесінің жүйелілігін, нысаналы мектептердегі білім алушылардың жеке оқу траекториялары бойынша табысты нәтижелерге жету жолдарына бағытталған әдістемелік сүйемелдеу жұмыстарын жүргізді.