КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ АУМАҒЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ САРАЛАНДЫ

Түркістан облысының әкімінің тапсырмаларын орындау және ауданның жылдық жоспарын жүзеге асыру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Сарыағаш ауданы шекаралық аймақта болғандықтан аудан басшылығы кеден бекетінің жағдайына, шекара түбіндегі ауылдардың, елдімекендердің дамуына да ерекше көңіл бөліп отырады. Шекара маңындағы инфрақұрылымды, қызмет көрсету орындарын реттеу, жолаушылар мен тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, сапалы қызмет көрсету бағытында жұмыстар үздіксіз атқарылуда.
Осы орайда, аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы жұмыс сапарымен Жібек жолы ауылдық округіне барып, «Жібек жолы» кеден бекеті аумағын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын саралады.
Қазіргі таңда, автотұрақ ғимаратын тұрғызу жұмыстары жүргізілуде. Автотұрақ аумағында тамақтану және сауда орындары және ақша айырбастау пунктерін, күту залын орналастыру жоспарланған.
Құрылыс нысаны бойынша «Investment Group -7» ЖШС- мен келісім шарт түзіліп, 10 жыл мерзімге сенімгерлік негізде басқаруға берілді. Сенімгерлік басқаруға беру мерзімі аяқталғаннан кейін автотұрақты күтіп ұстау және басқару жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі. Осы тұста, құрылыс жұмыстары кеден бекеті маңындағы заңсыз саудаларды, кептелістерді азайтуға және де аббаттандыру жұмыстарына да өз әсерін тигізеді.
Атқарылып жатқан жұмыстарды саралай келе, аудан әкімі жауапты бөліммен ауылдық округ әкіміне бірқатар ескертулер атап өтті. Нақтырақ айтсақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау,әжетхана және жылыту жүйелерін нысан аумағына алмастыру, автотұрақ жолақшаларын және жарықтандыру жүйесін орнату, сонымен қатар автотұрақ аумағын қауіпсіздік шараларын сақтай отырып қоршау жұмыстарын жүргізуді тапсырды.Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарын мерзімінде және сапалы аяқтауды, жұмыс барысын жіті бақылауда ұстауды жүктеді.
Сонымен қатар, аудан басшысы Жібек жолы ауылдық округіне жұмыс сапары барысында №20 Амангелді атындағы жалпы білім беретін мектебіне жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстарын тексерді. Аталған мектептің қосымша ғимаратында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, шатыры толық ауыстырылған.
Сол сияқты аудан әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органының 2024 жылдың үшінші тоқсанына арналған кезекті отырысы өтті.
Комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасары А.Қозыбаев, аудандық прокуратура, дербес бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәрітібіндегі бірінші мәселе пробациялық бақылауда тұрған тұлғаларға әлеуметтік құқықтық көмек көрсету бағыты бойынша 2024 жылдың 9 айында атқарылған іс-шаралары мен алдағы уақытта өзекті мәселелерін талқылау туралы» пробация бөлімінің басшысы Н.Ашировтың баяндамасы тыңдалды.
Келесі мәселе 2024 жылдың 9 айында пробация қызметінің есебінде тұратын азаматтар мен бас бостандығынан айырылған азаматтарға, нысаналы топқа жататын мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтардың жұмыспен қамтылуы және аудан әкімінің қаулысымен бекітілген жұмыс берушілерге бекітілген квоталық жұмыс орындарының орындалуы бойынша аудандық Мансап орталығының директоры А.Ауезова баяндама жасады.
Үшінші мәселе Ақжар ауылдық округі бойынша пробация қызметі есебінде тұрған және түзеу мекемелерінен бостандыққа шыққан азаматтармен жүргізілген жұмыстар бойынша ауылдық округінің әкімі С.Спатаев баяндады.