ПОЛИЦЕЙЛЕР ОҚУШЫЛАРҒА АШЫҚ ЕСІК КҮНІН ӨТКІЗДІ

Жас ұрпақ мәселесінде ұлттың генетикалық қорын сақтау үшін есірткіге қарсы күресті күшейту қажеттігін айта келіп Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында «Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек. Азаматтары, әсіресе жастары мәдениетті, жаңашыл әрі жасампаз ұлттың ұпайы түгел. Сондықтан біз өркениетті ел болуға кедергі жасайтын жағымсыз әдеттерден арылуымыз керек. Мен бұл туралы Ұлттық құрылтайдың отырысында айттым. Елдің болашағына кесірін тигізетін бес кеселге тоқталдым. Содан бері біршама жұмыс атқарылды. Вандализмге, лудоманияға тосқауыл қоятын заңдар қабылданды. Вейпке, яғни электронды темекіге тыйым салынды. Қабылданған шаралардың нәтижесі қазірдің өзінде көрініп жатыр. Әлеуметтік кеселдің бәрімен тұтас жұрт болып жұмыла күресу қажет» деді. Бұл жолда бүкіл халық болып атсалысып, жас ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек.
Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов жасөспірімдер арасындағы қылмыс, құқық бұзушылықтарға тосқауыл қою бағыттағы шараларды ұдайы бақылап отырады. Сондай-ақ бұл мәселені күн тәртібінен түсірмей, жеке құрамға жүйелі жұмыс жасауды тапсырады.
Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері полиция бөлімі ғимаратында ашық есік күні өтті. Оған білім беру ұяларының 10-11 сынып оқушылары қатысты. Жиынның мақсаты полиция қызметінің ашықтығын, жариялығын көрсете отырып, халықпен жақындастыру. Сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметін дәріптеп, осы салада қызмет еткісі келетін жастардың қатарын көбейту.
Шара барысында полиция басшысы Мұрат Ермеков тәртіп сақшыларының қызметтік саласын таныстырып өтті. Сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, және балалар қауіпсіздігі жайлы да ақпарат беріп, әрбір құқық бұзған адам заң алдында жауап беретінін алға тартып, ондай қадамға бармауға кеңес берді. Сонымен қатар оқушылар арнайы қорғану құралдары мен қару-жарақ түрлеріменде танысты.
Мектеп бітірушілер арасында полиция қызметкері болғысы келетіндерді ҚР Ішкі істер министрлігінің жоғарғы оқу орындарына түсуге үгіт-насихат жүргізді. Оқушыларға полиция қызметінің қыр-сырын ашып түсіндіріп, қызықты оқиғаларымен бөлісті. Бұл мамандықтың қиындығы мен жауапкершілігін алға тартып, тәртіп сақшысы болу үшін төзімділік пен сабырлылық, жылдамдық, асқан жауапкершілік қажет екенін атап өтті.
Сондай-ақ, Сайрам АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары ағымдағы жылдың 2 қазаны күні Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылындағы Ж.Жабаев атындағы жалпы білім беру мектебінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзұшылықтың, нашақорлықтың, буллинг пен құмар ойындарына тәуелділіктің алдын алу мақсатында кездесу өткізген болатын.
Кездесудің басты мақсаты — оқушыларға буллинг пен кұмар ойындарына тәуелдік туралы түсіндіру. Учаскелік полиция инспекторы Н.Даулетов өз баяндамасында жасөспірімдер арасында орын алып жатқан қылмыс пен бала қауіпсіздігі мәселесіне тоқталып, құқық бұзушылыққа жол берген жағдайда жауапкершілікке тартылатыны жайлы айтып өтті.