«КӘСІПОДАҚ-ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ СЕНІМДІ ТІРЕГІ» АТТЫ ІС ШАРА ӨТТІ

Мемлекет басшысы биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында алдағы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялағанын айта келіп «Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз.
Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді.
Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді» деп еңбек адамына қамқорлық жасалып, құқығы қорғалып,еселі еңбегі үшін құрметтелуі тиістігін айтты.
Елімізде еңбек адамдарының құқығын қорғап, қолдау білдіретін Қазақстан Кәсіпшілер одақтары ұйымы.10 қазан Қазақстан кәсіподақтары күні мерекесіне орай Ордабасы аудандық мәдениет үйінде, «Кәсіподақ — еңбек адамының сенімді тірегі» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Бақыт Еркінбек қатысып, жиынға келгендерді мерекемен құттықтады.
«Құрметті кәсіподақ қызметкерлері!
Баршаңызды 10 қазан – «Қазақстан кәсіптік одақтарының күні» кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Сіздер еңбек ұжымдарының қызметкерлері мен жұмысшыларын әлеуметтік қорғауға, қолайлы еңбек шартымен әділеттілікті қамтамасыз етуге, қоғамда тұрақтылықты сақтауға зор үлес қосып келесіздер.Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңізбен отандастарымыз лайықты жұмыс жағдайларын пайдаланып, өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда.
Кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан сүбелі үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін», –деген аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов бірқатар белсенділерді аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады.
Мерекелік іс-шара кезінде аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары кәсіподақ белсенділеріне өз өнерлерін көрсетті.
Ордабасы ауданы Түркістан облысындағы әлеуметтік-экономикалық әлеуеті артып келе жатқан өңірлердің бірі болып табылады. Аудан халқы жарты ғасырдан астам уақыттын бері облысымыздың, республикамыздың дамуына шама-шарқынша үлесін қосып келе жатыр.
Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев ауданның 60 жылдығына дайындық жұмыстарының барысымен танысты. Іс-шара өткізілетін көшелермен жүріп өтіп, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионға келіп, алдағы өтетін шаралардың жоспарларын талқылады. Тиісті сала басшылары өз жобаларын ұсынды. Аудан әкімі ол жобалармен танысып білгеннен кейін өзінің тұжырымдарын айтты.
Аудан басшысы ауданның 60 жылдығын өткізу бойынша тапсырма жоспарын бекітіп, сала басшыларына жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды.