ЕКІ ӨНІМ АЛУ ТӘСІЛІМЕН 753 ГЕКТАР ЖЕРГЕ ДАҚЫЛДАРЫ ЕГІЛГЕН

0
86

Түркістан облысында ауыл шаруашылығын дамыту бойынша тың әдістер қолданылып, су үнемдеу технологиясы енгізіліп, инновациялық шешімдер арқылы өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, алынатын өнім көлемін бірнеше есеге дейін көбейту бағытындағы жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді. Осындай ізденістердің, мемлекеттің қолдауының арқасында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде нәтижелерге қол жеткізілуде. Сол сияқты ауыл тұрғындары жеке кәсіпкерлікпен айналысып, жұмысын дөңгелентуде.

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев ауылдық елді мекендерді аралап, жергілікті тұрғындармен кездесуде. Алпамыс батыр ауылдық округіне табан тіреген аудан басшысы Ақжол және Қауыншы елді мекендеріндегі өзекті мәселелерді шешу бағытын жергілікті тұрғындармен талқылады. Алдымен аудан басшысы ауылдық округі аумағында іске асқан жобаларға тоқталып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

– Өздеріңізбен қайта жүздесіп, ауылдың маңызды мәселелерін бірге талқылау үшін арнайы басқосып отырмыз. Алпамыс бары ауылдық округінде ауылдық округке жалпы 3171 гектар аумақ қарасты, ауыл халқы ауылшаруашылығы өнімдерін өндірумен қатар мал шаруашылығыменде айналысады. Ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін бір қатар тапсырмалар берген болатынмын. Округте 2 өнім алу тәсілімен 753 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары егілген. Егіс алқаптарын ағын сумен қамтамасыз ету жұмыстары бойынша осы жылы жалпы 38 шақырымды яғни,

24 қашыртқыларды ағымдағы және механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттары дайындалды, — деді аудан басшысы өз баяндамасында.

Айта кетейік, Алпамыс батыр ауылдық округінде түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында профилактикалық егу-емдеу жұмыстары тұрақты жүргізілуде. №18 С.Қожанов жалпы орта мектебіне бала санының көп болуына байланысты қосымша ғимарат салу 2022 -2024 жылға өтпелі болды. Қазіргі таңда мердігер «Шамар Group» ЖШС құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтаған. Қабылдау жұмыстары жүріп жатыр.

Ал, мектепке дейінгі білім бертін 6 бала-бақша бар, онда 687 бала тәрбиеленіп келеді. Қазіргі таңда оқушылардың білім сапасын арттыру басты назарда. Алпамыс батыр ауылдық округі аумағында 3 ашық стадион, 2 спорт алаңшасы және Алпамыс батыр спорт мектебі орналасқан. Спорт мектебінде спорттың дзюдо, таэкфандо, каратэ, бокс және күрес түрлерінен 150 бала қатысады. 2024 жылы аудандық деңгейде 2 іс-шара және ауылдық округ бойынша 14 спортық іс-шаралар өтті.

Алпамыс батыр ауылдық округіндегі ең өзекті мәселенің бірі – ауыз су мәселесі болатын. Ақжол және Қауыншы елді мекені таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс-монтаж жұмыстары 2021 жылы басталған болатын. Бүгінде мердігер өз қаражаты есебінен Біртілек ауылдық округі, Ораз ата елді мекені аумағынан 200 метр тереңдіктен жер асты суын қазып шығарды. Ақжол елді мекенінде орналасқан ұңғымаға дейін 3,8 шақырымға құбыр тарту жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда Ақжол және Қауыншы елді мекенінің ішкі құбырларына су жіберіп, қосу жұмыстары жүріп жатыр.

Келес ауданының Алпамыс батыр ауылдық окрігіне қарасты Ақжол ауылындағы «Орынкүл» шаруақожалығы жылына 30 тонна құлпынай өндіріп, еліміздің ірі қалаларына экспорттауда. Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев аталған шаруақожалықтың жұмысымен танысып, алдағы жоспарларын тыңдады.

«Келес ауданының Алпамыс батыр ауылдық округі жүзім егумен даңқы шығып, жоғары жетістіктерге жете білген. Бүгінде мұндағы халық жүзімді көкөніске айырбастап, тың технологиялар арқылы мол өнім алуда. Құлпынай өнімі – бүгінде Келес ауданының брендіне айналып отыр. Себебі климат пен құнарлы ағын судың мүмкіндігі аталған шаруашылықты жүргізуге мол мүмкіндік сыйлайды. Шаруашылықты ары қарай дамыту бағытындағы жобаларыңызға мемелкеттен қажетті көмек шаралары ұйымдастырылатын болады», — деді аудан басшысы.

«Орынкүл» шаруақожалығы бүгінде 4 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Жобаның қуаттылығы – 8,2 млн теңге. Шаруақожалық директоры Асқар Төлегеновтың айтуынша жұмысшылардың орташа жалақысы 120 мың теңгені құрайды екен.