ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛУДА
Түркістан облысында «Жаз шанаңды, қыс арбаңды сайла» дегендей ала жаздай алдағы қысқы жылыту мауымына дайындық жұмыстары жүргізіліп, күз басталғалы дайындық жұмыстарын бітіріп, алдағы жылыту маусымына сақадай сай әзірлік жүзеге асуда. Облыстағы ірі қалалардың бірі саналатын Кентау қаласында да қысқы маусымға тыңғылықты дайындық жұмыстары аяқталып келеді. Таяуда қаладағы ең ірі жылу беру нысаны – Кентау Жылу орталығының төрт қазандығы толық жөндеуден өткізілді. Қалған қазандықтар да жоспарлы кестеге сәйкес жөнделуде. Сонымен қатар, қаладағы әлеуметтік нысандар мен мекеме-кәсіпорындар, жеке сектордағы, көпқабатты үйлердегі жылыту нысандарын қысқы маусымға толық әзір ету бойынша соңғы жұмыстар жасалынуда. Кентау қаласы әкімінің орынбасары Нұрбол Көкенов білім саласына қарасты мекемелерді аралап, газға қосылу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылады.
2024 жылы қаламыздағы 11мектеп пен 7 балабақшаға қаржы қаралып, көгілдір отынға қосу жұмыстары бастау алған.
Кентау қалалық білім беру бөліміне қарасты мемлекеттік 40 білім нысаны бар, оның ішінде 28 мектеп, 32 балабақша, 3 мектептен тыс мекеме бар. Мемлекеттік мектептің 23-і де типтік үлгідегі ғимаратта орналасқан.
Орталықтандырылған жылу жүйесіне – 26 мекеме қосылса, автономды — 14 мекеме шағын қазандықпен жылытылған.
Газдандыру жұмысы жүргізіліп жатқан 11 мектептің екеуіне ескі қазандық ғимараттарына жөндеу жұмысын жасау арқылы қойылса, қалған 9 мектепке модульді қазандық қойылуда, сондай 7 балабақшаның 2 балабақшасына ескі қазандық жайларына жөндеу арқылы орнатылса, қалған 5 балабақшаға модульді қазандық қойылуда.
Құрылыстарда кеткен қателіктер бойынша мердігерге сәйкестендеру бойынша келісімдер жүргізіліп, тиісті жұмыстарды орындау тапсырылды.