МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУ САПАСЫ БОЙЫНША ШЕБЕРЛК СЫНЫПТАРЫ ӨТТІ

Қазақстандықтарды біріктіруші күш –мемлекеттік тіл. Сондықтан да Мемлекет басшысы айтқандай мемлекеттік тілді барлық азаматтар меңгеріп, қазақстандықтардың күнделікті қарым-қатынас тіліне айналдыруы олардың конституциялық мәндеттері. Ата заңымызда Қазақстанның әр азаматы мемлекеттік тілді білуге міндетті екені тайға таңба басқандай жазылған. Бірақ мемлекеттік саясат мемлекеттік тілді бұйрықпен, немесе зорлықпен мәжбүрлеп үйретуді емес, әр қазақстандық азаматтың саналы түрде үйренуін жүзеге асыру жолын таңдап отыр. Соны түсінген көптеген этностардың өкілдері жыл өткен сайын мемлекеттік тілді еркін меңгеруде.
Мемлекет білім саласында мемлекеттік тілді сапалы оқыту арқылы жас кезден меңгертуге күш салуда. 2024 жылдың 15 қазан күні Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының» жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында «Аралас мектептердегі мемлекеттік тілдің оқытылу сапасын арттырудың мән-маңызы» тақырында шебер-сынып сабақтары өткізілді. Атап айтар болсақ, М.Лермонтов ат.ЖББМ Ташкараев Ғалымжан, Алипбаева Гүлзинат, Сатымбекова Эльмира, Ю.Гагарин ат. ЖББМ 10-сынып оқушыларымен Софьянова Жамиля шебер-сынып сабақтарын өтті.
Аудан көлемінде жоспар аясында өткізілген іс-шараға Түлкібас ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Г.Оразбаева және қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің педагогтері қатысты.
Онкүндіктің «Аралас мектептердегі мемлекеттік тілде білім беру сапасын арттыру: мақсат : функционалдық сауаттылық және патриотизм» тақырыбы аясында мәдени-сазды кештер, шебер -сынып, дөңгелек үстел сынды іс-шаралар жоспарға сай белім беру ұйымдарында жоғары деңгейде өткізілуде.
Сабақ барысында өзге ұлт мектеп оқушылары Алаш қайраткерлерінің тіл туралы өлеңдерін де жатқа мәнерлеп айтып шығып, мерейімізді асқақтатты.
Біздің ең басты мақсатымыз — аралас мектептерде мемлекеттік тілді оқыту деңгейін көтеру және жазбаша және ауызша сөйлеу дағдыларын арттыру.
Шебер-сынып барысында мектептегі түрлі этнос өкілдері сабаққа белсенді қатысып, мемлекеттік тілге деген құрметтерін көрсетіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, сабақ барысында түрлі » Түртіп алу», «сәйкестендіру», «сұрақ-жауап» т.б.әдістерді ұтымды қолдана білді. Сабақ соңында пән мұғалімдері тиімді кері байланыс беріп, өз ұсыныстарын айтты. Пән әдіскері Г.Оразбаева Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге бағытталған іс-шаралар тек онкүндік аясында емес, жыл бойы үздіксіз жүрзілу керектігін айтып өтті.
Аудан көлемінде онкүндік аясында жоспарланған іс-шаралар өз жалғасын таба бермек.