ҚАЛАНЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША БЕРІЛГЕН ТАПСЫРМАЛАР САРАЛАНДЫ

0
45

Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етумен бірге жергілікті атқарушы органдар елдімекендерді көкрейту, жасыл желекке бөлеп, архитектуралық-сәулеттік жағынан абаттандыру бағытындағы жұмыстарды да жүзеге асыруға тиісті. Тұрғындардың қолайлы да жайлы өмір сүруі мәселелер аудан басшыларының назарынан тыс қалмай, үнемі бақылауында тұрады. Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласын дамыту, көркейту, абаттандыру жоспары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар барысын бақылау үшін арнайы қала аумағын жаяу аралады.
Алдымен Сүлейменов көшесінде бастау алған аяқ жол салу жұмыстарының барысын бақылады. Сарыағаш қаласы аумағында 9 көшеге жалпы ұзындығы 3450 метр аяқ жол салу жұмыстары жоспарланған. Қазіргі таңда, Сүлейменов және А.Тоқмағамбетов көшесіне аяқ жол салу жұмыстары жүргізілуде.
Келесі кезекте, аудан әкімі Торғай көшесіне жарықшамдарды орнату жұмыстарын саралады. «Таза қала» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан жалпы саны 34 көшеге жарықшам орнату жоспарланған, бүгінде 8 көшеге жарықшамдар орнатылды.
Бүгінге күнге дейін атқарылған жұмыстарды саралай келе аудан әкімі Арман Абдуллаев қала әкімі А.Ешанқұловқа бірқатар кемшіліктерді атап өтіп, тиісті тапсырмалар берді. Сондай-ақ, жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырды.
Сарыағаш ауданында «Үлгілі ауыл» конкурсының аудандық деңгейінің жеңімпазы анықталды. Ынтымағы жарасқан Мәдениет ауылы үздік деп танылды. Келбеті келіскен Мәдениет ауылы алдағы уақытта конкурстық облыстық деңгейінде бағын сынайтын болады.
Сол сияқты Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан әкімінің жеке қабылдауына алдын ала жазылған 9 тұрғынның өтініштері қаралды. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары,қала әкімі және дербес бөлім басшылары қатысты.
Қабылдауға келген тұрғындар әлеуметтік көмек, тұрғын үй беру, жылу және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, заң аясында тиісті жауаптарын берді. Сондай-ақ, қатыстылығына қарай салаға жауапты басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Мемлекет басшысы тапсырғандай ауданда азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету бойынша да тұрақты жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 13.12.2023 жылғы №899 бұйрығына сәйкес 2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Сарыағаш ауданының қала және ауылдық округ әкімі аппараттарында тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, тұрғындардың қолданыстағы заңнамаларға еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында арнайы құқықтық кабинеттер ашылды. Құқықтық кабинетке келіп кез-келген ауыл тұрғыны өзіне қажетті заңнамалармен таныса алады.