ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын және жауапкершілігі мен есептілігін арттыру қарастырылған. Жергілікті әкімдер арнайы жасалған кестелеріне сәйкес өздері басқаратын аумақтың тұрғындарымен жаңа форматтағы кездесулер өткізіп, оларында тұрғындар алдында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында, алдындағы кездесуде жұртшылық тарапынан көтерілген маңызды мәселелердің орындалуы жайында есеп береді. Сонымен бірге тұрғындардың алдағы атқарылатын жұмыстарымен де таныстырып, олардың тарапынан айтылар ұсыныс-пікірлерін тыңдайды. Бір сөзбен айтқанда жергілікті билік пен жергілікті халық арасында ашық диалог жүзеге асырылады. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының жүзеге асып жатқанының бір көрінісі.
Президент Жарлығын жүзеге асыру мақсатында және бекітілген жоспар бойынша Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Жамбыл ауылдық округінің тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді.
Жиын барысында Бақыт Насырханұлы 2024 жылдың 8 айында атқарған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, іске асырылып жақан жобалар туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, кездесуде халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерге баса назар аударып, округтегі өзекті мәселелер және оның шешімі туралы айтып өтті.
Жиын соңында халыққа ашық микрофон ұсынылып, тұрғындар спикерге өздерін толғандырған сұрақтарды қойды.
Аудан әкімі мәселе көтерген және сұрақ қойған әрбір тұрғынға кезекпен жауап беріп, кезек күттірмейтін мәселелер шешімін табатынын айтып түсіндірді. Сондай-ақ, мәселесін жеке айтамын деген тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауда да азаматтар аудан, ауылдың толғандырған әлеуметтік мәселелерін және жеке өздерінің мәселелерін айтты. Аудан әкімі олардың талап-тілектерін мұқият тыңдап, жауапты мамандарға заң аясында көтеріліп отырған мәселелерді қарастырып, жүзеге асыруды, және түсіндіруді тапсырды.
ҚР Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын және жауапкершілігі мен есептілігін арттыру мақсатында және бекітілген жоспар бойынша Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов сондай-ақ, Бірлік ауылдық округінің тұрғындарымен де көшпелі кездесу өткізді.
Бірліктік тұрғындармен кездесу барысында да Бақыт Насырханұлы 2024 жылдың 8 айында атқарған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, іске асырылып жатқан жобалар туралы кеңінен ақпарат берді. Соның ішінде тікелей осы Бірлік ауылдық округіне байланысты атқарылған істер мен атқарылатын жоспарлы жұмыстар туралы баяндап, жұртшылықты таныстырды. Бұған дейінгі кездесуде жұртшылық тарапынан көтерілген мәселелердің орындалуы жайында да айтып өтті.Сонымен қатар, кездесуде халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерге баса назар аударып, округтегі өзекті мәселелер және оның шешімі туралы айтып өтті.
Жиын соңында халыққа ашық микрофон ұсынылып, тұрғындар спикерге өздерін толғандырған сұрақтарды қойды. Тұрғындардың басым бөлігі өздерінің ауыл-аймағының және тікелей өздеріне қатысты мәселелерді қозғады.
Аудан әкімі мәселе көтерген және сұрақ қойған әрбір тұрғынға кезекпен жауап беріп, кезек күттірмейтін мәселелер шешімін табатынын айтып түсіндірді. Сондай-ақ, мәселесін жеке айтамын деген тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізді.