ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІР МЕКТЕПТЕН 50-ГЕ ЖУЫҚ ДӘРІГЕР ШЫҚҚАН

Қазақстан Республикасында білім беру саласында жасалынып жатқан реформалардың алғашқы нәтижелері көріне бастады. Мемлекет заманауи мектептерді жаппай барлық өңірлерде салып, оларды ең озық техникалармен технологиялармен, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтауда. Сол сияқты балаларды оқыту процесін де жетілдіріп инновациялық жаңашылдықтарды енгізу үшін мұғалімдердің біліктілігін арттырып, тәжірибесін молайту мақсатында арнаулы курстардан, семнар тренингтерден өткізіп, тіпті шетелдерге тәжірибе үйренуге жіберіп педагогикалық деңгейін жоғарылатуда. Сонымен қатар өз еліміздегі білім беруде қалыптасқан дәстүрі бар, оқушылары пән олипиадаларынан үздік шығып жүрген мектептер мен ұстаздардың тәжірибесі де насихатталуда.
Келес ауданына қарасты N28 «Мақташы» жалпы білім беретін мектебінен 1933 жылдан бері 50 дәрігер шыққан. Бүгінде солардың қатарында жаңа туған нәрестелерге ота жасайтын Қазақстандағы санаулы кардиохирургтың бірі Беркін Туркулов, елімізге танымал Сарыағаш ауданындағы емдік шипажайлардың бірінде бас дәрігер Бурабаев Мұстафа, білікті УДЗ дәрігері Артыкбек Керимбердиев, Жезқазған қала қалалық ауруханасында істейтін онестезиолог-реаниматолог Илес Нұрғазы, оториноларинголог Асанов Еркеғали сияқты тағы басқа білікті дәрігерлер еліміздің түкпір-түкпірінде медициана саласында қызмет атқаруда. Олардың барлығы N28 «Мақташы» жалпы білім беретін мектебін тәмамдаған.
— Жүз жылға жуық тарихы бар мектептен дәрігерлер ғана емес елімізге қызмет еткен азаматтар да оқыған. Олардың қатарында Лениншіл Рүстемов, Қайыпберді Ерназаров, Рәтбек қажы Нысанбаев, Жорабай Тәжібаев, Ілес Садықов, Шахыдин Қасымбеков, Ақберді Асабаев, Болатбек Анарбаев, Нұрқұл Жұмағұлов, Әбдіғани Қасымбеков, Гүлия Қасымбекова сияқты мектеп түлектерімен мақтанамыз. Білім ошағында тәжірибелі педагогтар сабақ береді. Шынында мектепте медицина саласын таңдаған оқушылар да көп,– дейді директор орынбасары.
Айта кетейік, қазіргі таңда аталған білім ордасында 600-ден аса оқушы білім алады. Сондай-ақ жалпы саны 78 мұғалім сабақ береді.
Мемлекет басшысы орта деңгейдегі білім беру мекемелерін жетілдіріп, оларда білім алатын болашақ мамандардың практикалық дәріс алуының мүмкіндігін молайтып, өндіріске, мамандығы бойынша қандай да бір жұмыс орнына барғанда теориялық білімін бірден жұмысында қолдануға дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырған. Соған орай Түркістан облысында колледждердің оқушыларының теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруына барлық жағдай жасау жолында атқарылып жатқан жұмыстар көп.
Күні кеше Кентау қаласының 69 жылдық мерейтойы қарсаңында қаладағы «Кентау гуманитарлық-техникалық колледжі» базасында жаңа тұрпатты Оқу өндірістік ғимараты пайдалануға берілді.
Салтанатты шараға қатысқан қала әкімі Жандос Тасов білім ордасының басшылығын және студенттерді мерекемен құттықтап, нағыз маман тәрбиелеуде мүмкіндік беретін ғимараттың ашылуына тілектестік білдірді.
Жаңа ғимаратта жас мамандар оқумен қатар тәжірибе алмасып, өндірістік саланың қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік алады.
Айта кетейік, 2008 жылы құрылған 16 жылдық тарихы бар колледж алғашқы талапкерлеріне білім қақпасын айқара ашқан күннен бері, бәсекеге қабілетті орта буын мамандарын дайындау жөніндегі бастамаларын жүзеге асыруға белсенді түрде қатысып келеді.
Сондай-ақ облыс көлемінде өтетін түрлі олимпиядалар, конкурстар және «WorldSkills» Облыстық байқауларында жүлделі орындарды иеленіп келе жатқан оқу орны.
Осы жылдар ішінде колледжді табысты аяқтаған 1175 тен астам бітірушілер еліміздің түпкір-түпкірінде өндірісте еңбек етуде.
Колледжде жаңа заман талабына сәйкес дуальді оқыту жүйесі жақсы жолға қойылған. Облыстық білімді қадағалау департаментінің 28 тамыз 2024 жылғы шешімімен колледжде «Қолданбалы бакалавриат» мамандарын дайындауға мемлекеттік лицензия беріліп, колледжге «Кентау жоғары Гуманитарлық Техникалық колледжі» статусына ие болған.