«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛДЫ

0
47

Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектептің ұжымымы 15 қазан күні Қазақтан Республикасының оқу-ағарту министрлігі мемлекет басшысының «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» тақырыбындағы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысының хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұнын таныстыру үшін ақпаратық оқыту семинарын өткізді.
Семинарға мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, пән мұғалімдері түгел қатысты. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұнын және енгізу алгоритмін қолдана отырып, практикалық жұмыстар жүргізілді.
Ұлттық құндылықтарды, әлеуметтік жобалар мен іс-шаралар арқылы енгізу және алдын алу шаралары, қауіпсіздік сабақтарын сынып сағаттарында жоспарлау туралы түсінік қалыптасты. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру жұмыстары жалғасын табады.
Сондай-ақ, 2024 жылдың 16 қазан күні Түлкібас ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Шолтаева Назира Мендебайқызының апталық жоспарына сәйкес Г.Титов атындағы жалпы білім беретін мектеп және «Жаңаталап» шағын жинақты жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәні педагогтеріне жеке кеңес өткізді.
Жеке кеңес барысында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен формативті және жиынтық бағалау талаптарын сақтау бойынша кеңес берілді.
Педагогтердің сынып журналының толтырылуы, білім алушылардың үлгеріміне формативті, жиынтық ( БЖБ) және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды (ТЖБ) 125 бұйрыққа сәйкес жүргізілуі, педагогтердің БЖБ, ТЖБ нәтижелері бойынша талдауы, білім алушылардың жазбаша жиынтық жұмыстары бойынша сұрақтарына пән әдіскері толықтай жауап беріп, нәтижеге бағытталған кеңестер берді.
Қазақстан Республикасында қазақ ұлтымен қатар көптеген этностар өмір сүріп жатқандықтан да мемлекеттік саяси-қоғамдық қауіпсіздігін сақтау, әлеуметтік-экономикалық дамуын қарқынды қалыптастыру үшін елде ұлтаралық татулық пен бірлік қажет. Ал қазақстандықтардың ынтымақтастығы мемлекеттік –қазақ тілін азаматтардың басым бөлігінің меңгеріп, өзара қарым-қатынас құралына айналдыруымен байланысты. Сондықтан да білім беру саласында мемлекеттік тілді оқытудың сапасын көтеру, оқушылардың жастайынан мемлекеттік тілді жетік меңгеруін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты іске асырылуда.
2024 жылдың 16 қазан күні Облыстық білім беруді дамыту орталығының жоспарына сәйкес, Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында «Аралас мектептердегі мемлекеттік тілде білім беру сапасын арттыру: мақсат, функционалдық сауаттылық және патриотизм» атты онкүндік аясында мектеп оқушылары “ Мемлекеттік тіл — менің тілім” атты Алаш қайраткерлерінің тіл туралы өлеңдерін оқып, челлендж ұйымдастырды.
Бүгінгі челлендждің басты мақсаты — аралас мектептерде мемлекеттік тілді оқыту деңгейін көтеру және жазбаша және ауызша сөйлеу дағдыларын арттыру.
Челленджге мектептегі түрлі этнос өкілдері белсенді қатысып, мемлекеттік тілге деген құрметтерін көрсетіп, мәртебесін көтеруге өз үлестерін қосты.