ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕГЕ МӘН БІРІЛДІ

0
56

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты қарапайым тұрғындардың жергілікті атқару органдарының басшыларына өздерінің өтініш, арыздарын, талап, тілектерін жеткізуге арналған тиімді жолдың бірі ретінде өзін ақтап келеді. Бұрін әкімдерге, немесе жергілікті атқару мекемелерінің басшыларына, құқық қорғау органдарының басшыларына азаматтар өздерінің мәселелерін жеткізу үшін есігін тоздырып, кейде қабылдауына бірден кіре алмай, кірсе шығарып салма жауаптарға қанағаттанбай сарсаңға түсетін. Мемлекет басшысының осы қағидатты іске қосуынан кейін жергілікті билік өкілдерін белгіленген кестемен жұртшылықты қабылдап, айтар өтініштерін жеке тыңдап, одан қалса «Ашық есік күні» акциясы кездерінде жеке қабылдауларына кезекке жазылмай-ақ кітір барлық мұң-мұқтажын айта алатын дәрежеге жетті. Сонымен бірге тұрғындардың мәселелері негізінен заң аясында белгілі бір мерзім ішідне орындалатын болды. Өйткені, жергілікті басшылар халықтың үніне құлақ аса бастады.
Сондай-ақ,Президенттің 2022 жылғы әкімдерді тұрғындармен жиі кездесіп, олардың алдында атқарған және алда атқаратын жұмыстары жөнінде есеп беріп, азаматтардың кездесу барысында ұсыныс-пікірлерін айтуына да мүмкіндік туды. Халықпен кездесуден соң әкімдер бірқатар азаматтарды жеке қабылдап мәселелерін тыңдауды да әдетке айналдырып келеді. Осының барлығы да билік пен халық арасындағы қарым-қатынасқа жаңа сипат беріп, олардың арасында түсінушілік орнығып келеді.
Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлының аудан тұрғындарымен есепті кездесуі Ақтөбе, Шілік ауыл округтерінде өтті. Кездесуде аудан басшысы ауданда 2024 жылдың 8 айында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, алда тұрған міндеттерді атап өтті.
Ағымдағы жылы қос ауыл округінде де «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында біршама жұмыстар атқарылған. Мәселен, Ақтөбе ауылында 150 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүргізілсе, Шілік ауыл округі, Жаңа Шілік елді мекеніндегі С.Сейфуллин, Төрехан көшелеріне асфалть төсеу жұмыстары атқарылған. Сонымен қатар Жаңа Шілік ауылындағы ұзындығы 2140 метр жолға тас төселсе, Арыстанбаб, Бірлік, С.Исаев көшелерін жарықтандыру, Ескі Шілік елді мекеніндегі ішкі көшелерге тас төсеу, қоқыс қалдықтарын тастайтын полигонды дайындау жұмыстары жүргізіліп, Ескі Шілік елді мекенінен ойын алаңшасы пайдалануға берілген. Мұнан бөлек жыл соңына дейін Молдабай көшесіне асфалть төсеу жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде.
Ауыл округтерінде атқарылатын жұмыстар да аз емес. Кездесу барысында Ақтөбе ауылының тұрғындары Әкімқара Дүйсенбаев, Құлман Нұрбетов, Мұса Пірімқұловтар мектепке баратын жолға аяқжол салу, жастарды қолдау мақсатында тұрғын үй салуға жер беру мүмкіндіктерін қарастыру, Ақтөбе-Шілік бағытындағы автожолды ағымдағы жөндеу, емхананың жылыту жүйесін газға қосу секілді мәселелерді көтерсе, Шілік ауылын тұрғындары Шойман Биімбет, Сейілбек Сейтнасыр Қ.Датқа көшесінің аяқжолын жаңарту, емхананың жедел жәрдем көлігін жаңарту секілді мәселелер бойынша көкейде жүрген сауалдарын жолады.
Көтерілген мәселелер бойынша заң аясында жауаптар беріліп, бірқатар мәселелерге қатысты жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Жиында аудан әкімі айтылған ұсыныс-пікірлердің барығы хаттамаға енгізіліп, заң шеңберінде тиісті жұмыстар атқарылатынын атап өтті.
Аудан әкімі түс ауа Қарақоңыр ауыл округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде бұған дейін көтерілген мәселелердің орындалуы туралы айтып, тұрғындар тарапынан көтерілген ұсыныс-пікірлер мен сауалдарға тұщымды жауаптар берілді.