ҮНЕМШІЛДІК ПЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕР ТАБЫСТЫ АРТТЫРАДЫ

0
52

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ерекше мән беру арқылы өңірлердің қуаттылығын арттыруға мүмкіндік ашылатынын және агросекторда да үнемшілдікті, өнімнің өзіндік құнын кеміте отырып алынатын өнім көлемін еселеп ұлғайтуды тапсырған болатын. Соған орай Түркістан облысының аумағында айтарлықтай жұмыстар атқарылуда.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының су үнемдеу технологиясын ендіру және өңірге инвестиция тарту бойынша тапсырмасына сәйкес бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков «INNARI Innovation Nature Irrigation» компаниясының директоры Ян Фридельмен кездесті. Топырақты ылғалдандыруға арналған құбыр өндірумен айналысатын неміс компаниясының басшысы өнімдермен таныстырып, ирригациялық мүмкіндіктерді тиімді жүзеге асыру жолдарын ұсынды.

«INNARI Innovation Nature Irrigation» өнімдері Қазақстан нарығында 2013-жылдан бері қолданыста. Компания Түркия, Сауд Арабиясы, Марокко, Испания, Оңтүстік Корея және Қытай елдерінде ірі жобаларды жүзеге асыруға атсалысып келеді.

Түркістан облысында су үнемдеу технологиясын кеңінен қолдану тапсырмасы аясында бүгінге дейін 17,3 мың гектарға жаңа технологиялар ендірілді. Технологияның қол жетімділігін арттыру мақсатында жылына қуаттылығы 73,0 мың гектар алқапты қамтамасыз ету мүмкіндігі бар 3 зауыт іске қосылды. Бұл нарық бағасын 20 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. Су үнемдеу технологияларын ендіру шығыстарының 80 пайызы мемлекет тарапынан субсидиялануда. 2024 жылы 28 ауылшаруашылық кооперативіне 4673 гектарға мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Кездесу барысында Нұрбол Тұрашбеков өңірдегі ауыл шаруашылық саласының көрсеткіштеріне тоқталып, мемлекет тарапынан көрсетілген жеңілдіктер жайын жеткізді. Серіктестік байланысты нығайту жолында екі жақты нәтижелі шешімдер қабылданатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ, Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында қолға алынған «Ауыл аманаты» жобасы халықтың табысын арттыруға оң ықпал етті. Осы ретте, жоба бойынша жүзеге асырылған жұмыстар бойынша Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев «Amanat» партиясы фракция мүшелеріне баяндады.

Жиынға салаға жауапты аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппарат басшысы, қала және ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, «Amanat» партиясы фракциясының төрағасы Ш. Ибрагимов және мүшелері, аудандық мәслихат төрағасы С. Тасқұлов, «Amanat» партиясының аудандық филиалының төрағасы Қ. Қыстаубаевтар қатысты.

Мәжіліс соңында қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, жан-жақты талқыланды.

Өткен жылы пиллоттық жобаға қатысушы ретінде ауданға қарасты 4 ауылдық округ, атап айтқанда, Жібек жолы, Жарты төбе, Қызылжар, Құркелесте жүргізілген скрининг жұмыстарының нәтижесінде әр ауылдық округтің мамандандырылуына қарай басым бағыттар айқындалып, негізгі 6 бағыт бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Аталған ауылдық округтер кесіндісінде 4 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, несие алуға ниетті азаматтар осы кооперативтерге біріктірілді. Нәтижесінде 820 азамат жұмыспен қамтылған. Биыл «Ауыл аманаты» жобасын жаңадан 4 ауылдық округ, атап айтқанда: Қабланбек, Дербісек,Тегісшіл, Дарбаза ауылдық округ тұрғындарымен жүзеге асыру жоспарлануда.

Айта кетсек, «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында шаруаларды несиелендіру жүргізілуде. Пилоттық жоба бойынша несиелендіру өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары секілді 6 бағытта жүзеге асырылады. Сондай-ақ кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндіктері бар. Бағдарламаның іске асырылуы тұрғындарды жұмыспен қамту арқылы жеке табысын ұлғайтуға, ауылдардағы мүлікті және бизнестің жаңа субъектілерін тіркеу арқылы 4-деңгейдегі бюджеттің салық базасын ұлғайтуға, толық циклді қайта өңдеу өндірістерін құру есебінен жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.