ИНВЕСТОР ТАРТУ АРҚЫЛЫ ТІГІН ФАБРИКАСЫН САЛУ ТАЛҚЫЛАНДЫ

0
43

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауында: «Еліміздің экономикасы сыртқы саудаға және инвестицияға әрдайым ашық. Инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу керек. Бұл –Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі»,-деп атап өткен.

Түркістан облысында, оның ішінде Сарыағаш ауданында да ішкі және сыртқы инвестиция тарту, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жұмыс жасау мәселесі жақсы жлоға қойылған. Республика күні мерекесі қарсаңында аудан аумағында пайдалануға беріліп жатқан нысандар мемлекеттік бағдарламалармен, жеке инвесторлардың үлес қосуымен жүзеге асырылды.

Осы мақсатта аудан әкімі Арман Абдуллаев ауданға инвестиция тарту мақсатында кәсіпкермен кездесті. Жиынға қала әкімі, ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, жер қатынастары бөлімі, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі қатысты.

Кездесу барысында кәсіпкер Қ. Мықтыбаев аудан әкіміне аудан аумағынан тігін фабрикасын ашу бойынша жобасын таныстырып, жүзеге асыруға ниетті екендігін жеткізді.

Кәсіпкермен тілдескен аудан басшысы Арман Абдуллаев салаға жауапты аудан әкімінің орынбасарына сонымен қатар, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне тапсырмалар жүктеп, орындалу мерзімі бойынша баяндауды жүктеді.

Ауданға инвесторлар тартылып, жаңа нысандардың ашылуы аудан бюджетінің ұлғаюына алып келеді. Сонымен қатар, ашылған нысандарда жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылып, жұмыссыз мәселесін шешуге де өз септігін тигізеді.

Сарыағаш ауданында «25 қазан – Республика күні» мерекесі қарсаңында жаңа нысандар ашылып, пайдалануға берілді. Бұл күні ауданда үш бірдей жаңа медициналық нысан ашылып, салтанатты жиынға аудан әкімі Арман Абдуллаев, Түркістан облыстық мәслихат депутаттары А.Салимов, Ж.Әбдібаевтар арнайы қатысып, лентасын қиды.

Жаңатұрмыс елді мекеніндегі тәулігіне 25 тұрғынды қабылдай алатын медициналық алғашқы көмек көрсететін дәрігерлік амбулатория ауыл тұрғындарының игілігіне табысталды. Сондай-ақ Жемісті елді мекеніндегі заманауи үлгідегі дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанаты болып өтті. Мердігер мекеме «Арко Групп» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілген.

Дәл осындай үлгідегі амбулатория Жемісті ауылдық округі Тың елді мекенінде де ашылды. Мердігер мекеме «Таймас Компани» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізіліп, ел игілігіне берілді.

– Құрметті ауыл тұрғындары, ауылдарыңызда ашылғалы отырған дәрігерлік амбулаторияның ашылуымен құттықтаймын. Алдағы уақытта сапалы да, білікті мамандар еңбек етіп, халық денсаулығына қызмет ететініне сенемін, – деді аудан әкімі.

Медициналық нысандардың құрылыс жұмыстары «Ауыл-ел бесігі» бағдарлама аясында жүргізіліп, елді мекен тұрғындарының саулығын қамтамасыз ету үшін, медицина мамандарының бар білімі мен біліктілігін салуға мүмкіндік бергелі отыр. Аталған нысандар заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толықтырылған. Оған қоса, дәрігерлік амбулаториялар тіс дәрігері, узи кабинеттері, зертханалық кабинеттер де қарастырылған.

Айтулы күнде ауданға қарасты Дарбаза елді мекенінде 500 балаға арналған заманауи спорт кешенінің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Жеке инвестор есебінен бой көтерген заманауи үлгідегі спорт нысанының ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын келе жатқан мерекемен құттықтады.

Жаңа спорт нысанында футбол алаңшасы, бокс, самбо, дзюдо, үстел теннисі, қазақ күресі, таеквондо, футбол, шахмат үйірмелеріне арналған залдар мен заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Айта кетейік, жиын барысында аудан әкімі самбо күресінен жуырда ғана Кипр мемлекетінде өткен Әлем чемпионы атанған Е. Ахатовты, Әскерилер арасында Өзбекстанда өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Хорватия мемлекеті, Загреб қаласында өткен Әлемдік Гранд При жарысының Чемпионы атанған Ш.Рахимовты, Греплингтен ҚР 2024 жылғы чемпионы, Филиппинде өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері Д.Бөрібайды, сонымен қатар дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының үш дүркін жеңімпазы М.Серікбайды алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтар табыстады.