ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Түркістан облысында жылдық тапсырмалардың жүзеге асырылуының барысы облыс, қала, аудан басшыларының басты назарында. Оның ішінде әсіресе, әлеуметтік мәселелер, инфрақұрылым жүргізу мен сапасын жақсарту бойынша да басшылық қатаң бақылауда.
Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен апталық аппараттық мәжілісі өтті. Жиынның күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы, жол және абаттандыру (ойын алаңша, спорт алаңша) саласында атқарылған жұмыстар, отбасының Д және Е санаттағы отбасылардың санын төмендету бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәселелер қаралды.
Бірінші кезекте аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Сихымбаева ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы бойынша аудан әкіміне есеп берді.
Бөлім басшысы салық түсімдері мен мүлік, жер, көлік салығы бойынша берешектерді өндіруде көрсеткіші төмен ауылдарды атап өтті. Аудан басшысы Төрткүл, Бадам, Бөген ауылдық окурігінің әкімдеріне ескерту жасап, апта ішінде қазынаға келетін түсімдерді толықтай өндіруді тапсырды. Мұнан соң аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Арман Искаковтың жол және абаттандыру (ойын алаңша, спорт алаңша) саласында атқарылған жұмыстары туралы баяндады.
Аудан басшысы Азат Әбдіғалиұлы орынбасарларына, бөлім басшылары мен ауыл округ әкімдеріне жүктелген міндеттерді дер кезінде орындай алмаған, көрсеткіші нашар, жауапкершілігі төмен сала жауаптыларына ескерту жасап, айтылған тапсырмалардан нәтиже шығаруға шақырды.
Ордабасы аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының отырысы өтті. Фракция отырысына Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудандық партия филиалының төрағасы, фракция жетекшісі Әлиасқар Байдуллаұлы, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері, тиісті дербес бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Фракция мәжілісін «AMANAT» партиясының Ордабасы аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясы жетекші Ә.Бердімұрат ашып, жүргізді.
Фракция отырысының күн тәртібінде «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен бекітілген «AMANAT» партиясының Ордабасы ауданыңда «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру мәселесі бойынша атқарылған жұмыстары және «AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық филиалының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша аудан әкімі Азат Оралбаев баяндама жасады.
Отырыс қорытындысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша фракция мүшелері тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, олардың орындалуы бақылауға
Ордабасы ауданы Төрткүл ауыл округінде «Ауыл –Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде ішкі көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, Арыстанды ауылы Аль-Фараби, Байарыстан, Желтоқсан, Ынтымақ, Атамұра, Жаңатұрмыс, Парасат көшелеріне асфальт жабындысы төселді.
Төрткүл, Қызылжар ауылдарында жаңа заманауи білім ошақтары бой көтеріп, осы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Сонымен қатар Еңбекші ауылынан фельдшерлік акушерлік пункт салынуда және Елшібек батыр ауылынан 200 орындық мектептің құрылысы басталып қазаншұңқыры (котлаван) қазылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Одан бөлек жергілікті бюджет есебінен Көкарал ауылында ашық футбол алаңшасы, спортпен шұғылданатын “street workout” тұрғындардың игілігіне берілген.
Ордабасы ауданы, Қараспан ауыл округінде «Ауыл –Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қараспан ауылының орталығы Б. Шылмырзаев көшесі асфальт жабындысы төселіп, жарықтандырылып, аяқ жол (тротуар), қоршаулармен безендірілді. Сонымен қатар ауыл ішілік Сыздықов, Ж. Қалыбеков, Бекмуратов, Тоқберген көшелері, Батыр ата елді мекенінде Маналы, Ырыс, Алпамыс батыр, Өтеуов көшелері орташа жөндеуден өткізілді.
Жергілікті бюджет есебінен Берген ауылынан балалар ойын алаңшасы, спортпен айналысатын “street workout” қойылған.