ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ МАҚСАТЫНДА ӨЗБЕКСТАНҒА АРНАЙЫ БАРДЫ

0
62

Мемлекет басшысы нарықтық жағдайда өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру үшін өнім түрлерінің әралуандығымен қатар, олардың сапасына, сол өңірде өндірілуінің тиімділігіне баса назар аударуды тапсырды. Ең бастысы, аумақ тұрғындары жұмыспен қамтылып, өздерінің жеке кәсіпкерлігін ашу мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Бұл бағыттағы жұмыстар Түркістан облысында, оның ішінде Шардара өңірінде де ойдағыдай атқарылуда.

Балық шаруашылығы өте әлеуеті зор сала. Үкімет «Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын» қабылдады. Бағдарлама аясында республика бойынша 270 мың тонна балық өсіру жоспары бекітілген болатын. Соның нәтижесінде, Түркістан облысы бойынша 2030 жылға дейін 10 жыл ішінде тауарлық балық өсіру көлемін 20,0 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр.

Облыста жергілікті маңызы бар 104 су айдыны заңдастырылған. Конкурстық негізде 82 су айдыны, оның ішінде, 69 су айдыны көлде тауарлы балық шаруашылығын жүргізу үшін, 13 су айдыны кәсіпшілік балық шаруашылығын жүргізу үшін табиғат пайдаланушыларға берілген. 22 су айдыны резервте. Қазір өңірде 158 тоғанды балық өсіру шаруашылығы, 5 шарбақты балық өсіру шаруашылығы, 3 тұйық қондырғымен жабдықталған балық өсіру шаруашылығы жұмыс істейді.

Су айдындарын балықпен молайту – басты мәселе. Бүгінгі таңда балық ресурстарының өсімін молайту мақсатында «Шардара» су қоймасына «Хамит» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 12 грамнан кем емес 635 мың дана шабақ жіберді. Атап айтсақ, оның ішінде 300 мың дана тұқы тектес балық болса, 200 дана ақ амур, 135 мың дана дөңмаңдай шабақтары бар. Өңірде балық шаруашылығын дамыту бағдарлама аясында балық өсіру ісі жанданып келеді. Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс аясында жүретін бұл жұмыстар биыл да жалғасып, жасанды жолмен өсірілген балық дернәсілдері су айдынға жіберілді. Жалпы ауданда балық шаруашылығын дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Сол сияқты Шардара ауданының әкімі А.Қарсыбаевтың ауданға инвестиция тарту туралы тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің, орынбасары Б.Шомпиев, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ө.Рүстемов және қала әкімі О.Айдосов Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласына іссапармен барып, кездесулер өткізді. Кездесу барысында «Дустлик энергиясы» бірлескен кәсіпорын басшыларымен жүздесіп, аудандаға инвестиция тарту мүмкіндіктері туралы толыққанды мәліметтер ұсынылды. Өз кезегінде кәсіпорын басшылары күн көзінен қуат алатын батареяларды орнату, ет өнімдерін өңдеу, тері өндеу секілді кәсіпорындар ашуға қызығушылықтарын білдіріп, ауданға арнайы өз жобаларымен келетіндігін жеткізді. Іссапар барысында делегация мүшелері Ташкент каласындағы сауда орталығының төбесіне орнатылып, пайдалануға берілген күн батареяларының жұмысымен танысты.

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев Шардара қаласында жаңадан бой көтеріп жатқан 24 және 36 пәтерлі екі көпқабатты тұрғын үй мен шайынды суларды жинақтайтын шайынды су тұшыту алаңының құрылысмен танысты.

Айта кетсек, жыл соңына дейін бекітілген бес санаттағы жандарға 120 пәтер кілтін табыстау жоспарланып отыр. Арман Романұлы тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатқан мердігерлермен сөйлесіп, жұмысты сапалы және уақытылы аяқтауды тапсырды.Сонымен қатар, Асемай шағынауданынданындағы жаңадан салынып жатқан кәріз суларын жинақтау станциясының жұмысымен танысты.

Тарқатып айтсақ, Шардара қаласындағы орталықтандырылған кәріз құбыры жүйелері арқылы шайынды су жинақтап, сүзгіден өткізу алаңын жаңадан салу бойынша жобалау сметалық құжаты есебі әзірленіп, Шардара қаласындағы кәріздік тазалау стансасы (КОС) маңынан жалпы ауданы 5,0 га құрайтын жер телімі құжаттары рәсімделіп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысан құрылысы барысында Шардара қаласында жаңа шайынды су тұшыту алаңы салынып, шайынды су жинайтын бөгет салынып, кәріздік тазалау стансасынан диаметрі 300 мм, ұзындығы 500 метрді құрайтын кәріз құбыры жүргізіліп, жаңадан салынған шайынды су тұшыту алаңына жалғанады. Осы жоба аясында Шардара қаласындағы шайынды суларды жинақтайтын шайынды су тұшыту алаңы бойынша өзекті мәселе шешімін табатын болады.

Таяуда Шардара аудандық “Мансап орталығы” филиалы мен аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» бірлесе «Шектеусіз мүмкіндік» атты NEET санатындағы жұмыссыз жастарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеге 11 мекемеден 21 бос жұмыс орындарын ұсынылып 35 азамат қатысты,Аталған іс-шараның нәтижесінде тұрақты жұмысқа 11 азамат, жастар практикасымен 4 азамат,жаңа құрлысқа 3 азамат жолданды. Қалған 18 азамат орталық мамандарынан бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.