“МАЙТӨБЕ СҮТ” ӨНІМІНЕ СҰРАНЫС АРТЫП, ЭКСПОРТҚА ШЫҒАРЫЛУДА
«Қуатты өңірлер – Ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын жүзеге асыру барысында Түркістан облысының әр қала, аудандары өндірілетін өнім түрлерін әралуандандырумен қатар, олардың көлеміне қоса сапасын да арттырып, пайда көлемін де көбейтуде. Бұл істе Түлкібас ауданында мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланып, үлкен нәтижелерге қол жеткізуде.
Өткен жылы Мичурин ауылдық округінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ашылған «Майтөбе сүт» өндірістік кооперативінің өнімдеріне сұраныс артып келеді.
Бүгінде өндіріс орынан экологиялық тұрғыда таза сары май, қоюландырып стерилизацияланған сүт, құрт, сүзбе(творог), айран, қаймақ және ірімшік өнімдері ауданның сауда қатарларына жолданып, тұтынушылар тарапынан жоғары сұранысқа ие.
Аталған нысанға аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов арнайы табан тіреп, атқарылып жатқан жұмыстарын бақылады.
Қазіргі таңда тәулігіне 1 тоннадан астам сүт өндеп жатқан цехта 11 адам бір ауысымда жұмыс істеуде. Яғни, 11 адам жұмыспен қамтылған.
Ендігі кезекте Оспанов Бақытжан есімді кәсіпкер кәсібін ұлғайтуды көздеп, цехтың жұмысын екі ауысым қылуды, одан бөлек, грек жаңғағынан өнім шығаруды да жоспарлауда.
Аудан басшысы кәсіпкердің жоспарын толық тыңдап болған соң, алдағы істеріне Заң аясында қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізіп, атқарып жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.
Биыл Арыс ауылдық округінде “Ауыл-Ел бесігі” бағдарламасы аясында Мақталы ауылы Тәуелсіздік, Ғ.Мұратбаев, Байбосынұлы және Керейт ауылы Еркінбек, С.Тұрманұлы, Ж.Әсілбекұлы, Ф.Мырзатай көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бұл туралы бүгін аталған ауылдық округ тұрғындары алдындағы есептік кездесуінде аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов мәлімдеді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Мақталы ауылынан жаңа, заманауи фельдшерлік акушерлік пунктінің құрылыс жүргізілуде. Нысан жыл соңына дейін ел игілігіне беріледі деп күтілуде.
Жалпы бір сағатқа созылған жиында тұрғындардың дені жер қатынастары саласы мен ескірген электр бағаналарын ауыстыруға қатысты көкейлеріндегі мәселелерін ортаға салып, аудан әкімі және жауапты мекеме өкілдерінен қанағаттанарлықтай жауап алды.
Басқосу соңында ауыл ақсақалдары атқарылып жатқан жұмыстарға жақсы деген бағасын беріп, батамен жиынды түйіндеді.
Түлкібас ауданына қарасты Керейт ауылындағы «Арсен-Ас» ЖШС тәулігіне 30-35 тоннаға дейін бағбандардан алманың сақталуға келмейтін түрлерін жинап, одан шырын шығаруға аса қажетте 3,5 тонна табиғи концентраттар өндіруде.
Өнімді Алматы қаласы мен көршілес Қырғызстан және Ресей елдеріне жолдауда.
Аталған кәсіпорынға аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов және аудандық мәслихаттың төрағасы Хамит Байысбаев арнайы барып, қазіргі таңдағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Кәсіпорынның басшылығымен сұқбаттасып, мемлекет тарапынан қолдау қажет болған жағдайда көмек беруге дайын екендіктерін жеткізді.
Айта кетерлік, толық автоматтандырылған өндіріс ошағында 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Түлкібас кентінің тұрғыны Сүлейманова Жанар Балғабайқызы 2024 жылдың 02-ші сәуір күні “Алғашқы жұмыс орны” бағдарламасымен Мансап орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, “GULNUR»-ҚЫЗ ЖАСАУ” оқу орталығына “тігінші” мамандығына жұмысқа жолданған болатын.
Қазіргі таңда тиісті жұмыстарын абыроймен атқаруда.
“Алғашқы жұмыс орнына“ — еңбек өтілімі болмаған, 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар қатыса алады.