ЖАС ҰРПАҚТЫ ДҰРЫС ТӘРБИЕЛЕУ — ЕЛ БОЛАШАҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Ел Президенті Жаңа Қазақстанды құруда кедергі болатын құбылыстардың қатарына сыбайлас жемқорлықты да жатқызып оған қарсы мемлекеттік ұйымдармен қатар қоғамдық ұйымдар, барлық қазақстандықтар бірлесе күресуі керектігін айтқан болатын. Сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабуда әсіресе, жас ұрпаққа бұл келеңсіз құбылыстың зиянын түсіндіріп, оған қарсы әр адамның бойында төзбестік қасиетін қалыптастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру маңызды. Жастарымыз сыбайлас жемқорлық, парақорлық сияқты індеттерге төзбестік танытар болса ол құбылыстарды біртіндеп қоғамнан аластауға мүмкіндік ашылады.
Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық қоғамды қатты алаңдатып отырған келеңсіз көріністердің бірі. Осы індеттің алдын алу, жемқорлықты болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында Шардара аудандық “Жастар ресурстық орталығы” және N16 колледжінің ұйымдастыруымен “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ” тақырыбында студент жастармен кездесу өткізілді.
Жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Н.Ибраимов, аудандық ішкі саясат бөлімінің теологі Д.Асылхан және сектор меңгерушісі А.Оспанов, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Ж.Кунаров пен Қ.Жанықұлов, колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Дүйсебаева мен “Жастар ресурстық орталығының” мамандары қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұрудың негізгі басымдықтары мен міндеттері, жемқорлықтың пайда болу себептері және қоғамға келтіретін зиянды жақтары, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жаңғырту болашақ жастардың қолында екені, сонымен қатар, адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғысынан дами отыра, бойына сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру жөнінде сөз қозғалып, еркін пікір алмасу болды.
”Жаппай мәдениеттің» теріс әсерімен күресу жолында дені сау әрі үйлесімді дамыған, өз мүддесін қорғай алатын, отанына жанашыр ұрпақты қалыптастыру, жалпы қоғамдық құндылықтарды құрмет тұту рухында тәрбиелеу мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Осы тұрғыда аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен IV блоктан тұратын «Құқықбұзушылық және жауапкершілік», «Жаһандану әлеміндегі жастардың денсаулығы», «Деструктивті діни ағымдарды алдын алу» және “Серпін-2050” атты тақырыптарда арнайы бекітілген кестеге сәйкес Жаушықұм, Қ.Тұрысбеков, Достық, Ақшеңгелді ауылдық округтерінің жалпы білім беретін мекемелерінің жоғары сынып оқушыларымен кездесулер өткізілді.
Бұл кездесулердің мақсаты жасөспірімдерді әдепті, саналы адамзатқа және қоғамға пайдалы етіп тәрбилеу, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу,«Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламалары аясында гранттарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар, жасөспірімдер арасында нашақорлықтың және жат қылықтардың (ертежүктілік, лудомания, аутодеструктивті мінез-құлықтың) қалыпты емес дағдарыстың алдын алу.
Іс-шара барысында орталық мамандары оқушыларға қылмыстық жауаптылық, жаза, қоғам алдындағы әрбір азаматтың жауаптылығын және теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы білімдерін кеңейте отырып, ой-өрісін, қиялын, қызығушылығын, жалпы адами қасиеттерін қалыптастырудың түрлі жолдары туралы талқыланып, оқушылардың болашақ мамандығына саналы түрде таңдауға көмектесіп, олардың жоғары оқу орнына түсуге деген сенімділігін арттыруға бағыттады. Жастарды қолдау мемлекеттің болашағына жағдай жасау екені сөзсіз. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Ағымдағы жылдың 20-29 қаңтары аралығында Шардара ауданы аумағында республикалық «Тұрмыс» жедел- профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Оның мақсаты – қылмыстық ахуалды жақсарту және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Шара аясында полиция қызметкерлері басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесе отырып, ішкі істер органдарында есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты жерлеріне кешенді тексерістер жүргізеді, сондай-ақ осы салада құқық бұзуға бейім адамдарды анықтайды. Ерекше назар зорлық-зомбылық жағдайларын анықтау мен тоқтатуға, сондай-ақ отбасындағы тәртіп пен қауіпсіздікті бұзатын өзге де құқық бұзушылықтарға аударылады.
Тексерістер құқық бұзуға бейім тұлғалармен қатар, осал жағдайдағы адамдарды, соның ішінде әйелдер мен балаларды да қамтиды. Бұл олардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
«Тұрмыс» профилактикалық шарасы Шардара ауданының барлық тұрғындары үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болып табылады.