БИЫЛ 130 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫС ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНҒАН

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» тапсырмасына, Түркістан облысы әкімі бекіткен «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында және ұлттық жобалар мен бағдарламалар арқылы да азаматтарды жұмыспен қамту жүзеге асырылуда. Сонымен бірге мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алушыларды да жұмыспен қамту арқылы олардың санын кеміту бағытында да жұмыстар жасалуда. Мемлекеттік қайтарымсыз гранттар алып өздерінің жеке кәсіптерін бастап өзін өзі және бірнеше адамды жұмыспен қамтушылар қатары да өсе бастады. Биылғы «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру мен насихаттау арқылы азаматтардың, оның ішінде жастардың жұмысша мамандықтарын игеруіне, жұмысшы мамандықтарын таңдап, білім алуына ықпал ету де алдағы жылдары жұмыспен қамтуды ұлғайтуға, жұмыссыздықты азайтуға ықпал ететін болады.
Түркістан облысында халықтың әл-ауқатын көтеру, жұмыспен қамту шараларын күшейту бағытында жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. Бұл мәселе өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің қатаң бақылауына алынған. Облыс тұрғындарын сапалы жұмыс орындарымен қамту мақсатында 2025 жылғы «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 130 769 жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Аталған саладағы жұмыстар облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте кеңінен талқыланды. 2024 жылы халықты жұмыспен қамту саласындағы атқарылған жұмыстар және биылғы міндеттер, жоспарлар сараланып, тиісті индикаторлар межеленді.
Мәжілісте Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мен «Еңбек мобильділігі орталығы» мекемесінің директоры Абзал Қазанқаповтың есептері тыңдалды.
Түркістан өңірінде облыс әкімімен бекітілген «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 2024 жылы 118 889 жұмыс орындарын ашу жоспарланып, жыл қорытындысымен 126 988 жұмыс орындары ашылды. Ұлттық жобалар аясында 3722 жұмыс орны ашылып, жоспар 101,4 %-ға орындалған. Бос жұмыс орындарына 51951 азамат жолданып, жоспар 120,1% орындалса, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» тапсырмасына сәйкес 25 116 жұмыс орны құрылған. 94 750 адамға (15 804 отбасыға) АӘК тағайындалып, төленді. АӘК алушылардың саны 62 996 адамға немесе 40%-ға төмендеді. 2024 жылы еңбекке қабілетті 23 806 АӘК алушының 19 285-і немесе 81% жұмыспен қамту шараларымен қамтылды.
Мәжілісте облыс әкімінің орынбасары жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.
– Өңірімізде жаңа білім ұялары, кәсіпорындар ашылып жатыр. Осы жұмыс орындарына жергілікті тұрғындарды жолдап, әлеуметтік қолдау көрсетіп, жұмыссыздар санын азайту керек. Аймақтарда ашылатын жаңа жұмыс орындарының ашылуына бірінші кезекте сол аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары жауапты. Әр аудан, қала әкімдігінің жауапты өкілдері жұмыспен қамту шараларына тікелей атсалысып, жұмысты жандандырулары тиіс. Осы саладағы индикаторларды сапалы атқаруды тапсырамын. Ұсыныстар, мәселелер болса, бірлесіп шешейік. «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясындағы жұмыстарды сапалы атқару да маңызды,– деді Бейсенбай Тәжібаев.
Биыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттау мақсатында барлық аудан, қалалардағы ірі өндіріс орындарында 38 ашық есік күндерін өткізу жоспарланып отыр. Ашық есік күндері, қысқа мерзімдік кәсіптік оқыту, жұмысшы мамандық иелерін Солтүстік өңірлерге қоныс аудару шаралар атқарылады. 84 бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу жоспары бекітілді.
Алқалы жиында кедейшілік деңгейін төмендету, субсидияланған жұмыспен қамтылған тұрғындардың шынайы жұмысқа баруын қамтамасыз ету, жұмыс берушілер тарапынан заңсыздықтарға жол берілмеуін қадағалау, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге лайықты құрмет көрсету және өзге де мәселелер талқыланып, тиісті міндеттер жүктелді.
Айта кетейік, биыл облыста Ұлттық жобалар аясында 4074 адамды еңбекпен қамту, бос жұмыс орындарына 57 221 адамды жолдау, субсидияланатын уақытша жұмыс орындары арқылы 45 086 азаматты жұмыспен қамту жоспарланды. 1793 азаматты жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант қаражатымен қамту межеленді. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» тапсырмасы негізінде 22 595 жұмыс орындарын ашу міндеті айқындалған.