Сарығаш ауданында тұрғындар мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласында бой көтеріп жатқан жайлы мектептердің жай-күйімен танысты. Аудан әкімі жауапты басшыларға, мердігерге нақты тапсырмалар берді.
Сарыағаш қаласына қарасты «Телемұнара» шағын ауданында салынып жатқан жайлы мектептің құрылысына жауапты мердігер – «АРТ-Құрылыс» ЖШС-і. Бүгінде 900 орындық жайлы мектептің құрылыс алаңында 40 адам жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда, нысанның ішкі сылақ, еденге бетон құю жұмыстары аяқталып, сыртқы қас беттерін әрлеу, электр жүйесі, ішкі жылу, ауыз су, ішкі желдету жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Нысанның 1,2,3 қабаттарының терезелері және сыртқы есіктері орнатылған.Сонымен қатар, ғимараттың модульді жылыту қазандығын орнату жұмыстары да жүргізілуде.
Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласының Б.Оспанов көшесі бойындағы 300 орындық мектептің де құрылысын қадағалады. «Жайлы мектеп» жобасы арқылы бой көтерген білім ұясының құрылыс нысанында 30 адам жұмылдырылған. Бүгінде, нысанның ішкі сылақ, қабырғаларын қалау жұмыстары, ішкі электр жүйесін, сантехника орнату жұмыстары атқарылуда. Сыртқы кәріз, интернет жүйелерін тарту жұмыстары жүргізілуде.
Өңір басшысы жауапты мердігер мекеме өкілдеріне ұүрылыс жұмыстарының барысында анықталған кемшіліктерді реттеу, құрылыс қарқынын күшейтуді, нысанды уақтылы тапсыру жөнінде тапсырма берді. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ерғали Қосмұратовқа тиісті мекемелермен бірге инфрақұрылымға қатысты мәселелер туындамауы керек екенін ескерттті.
Сарығаш ауданында тұрғындар мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Өңір басшысы Арман Абдуллаев бүгін кезекті рет жеке қабылдау өткізіп,кезектілік тәртібімен жазылған ауданның 23 тұрғынын жеке мәселелерімен қабылдады.
Қоғамдық қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, ауданның дербес бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысып, әр мәселенің шешу жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, Арман Абдуллаев аудан әкімі аппаратының бірінші қабатына арнайы түсіп, мүмкіндігі шектеулі азаматтың өтінішін тыңдады.
Қабылдау барысында тұрғындар ауыз су,атаулы әлеуметтік көмек алу, тұрғын үй құжатын рәсімдеу, тұрғылықты тіркелу, жол және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Тұрғындардың өтініш-тілектерін мұқият тыңдаған аудан басшысы кез келген көтерілген мәселе назардан тыс қалмайтынын жеткізіп, шешілуі өз бақылауында болатынын жеткізді. Кейбір мәселе сол мезетте шешімін тапса, кейбірінің заң аясында шешу жолдары талқыланды.
Айта кетсек, аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылуды Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімі жүргізеді. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы және Сарыағаш ауданы әкімі аппаратына келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.
Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласында орналасқан №71 жалпы білім беретін мектебі ұлттық тәрбиеге айырықша көңіл бөліп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде ерекше бастама көтерді.
Мектеп ұстаздары оқушылардың қоңырау уақытын пайдалы әрі қызықты өткізу мақсатында ерекше әдіс енгізді. Бұл — ұлттық тәрбиеге негізделген асық ойнау дәстүрі. Мектеп директоры қоңырау уақытында балалармен асық ойнап, ұлттық ойындарды қайта жаңғыртуда. Бұл бастама арқылы оқушылардың дәстүр мен мәдениетке деген құрметін арттырып қана қоймай, оларды дәлдік пен ширақ болуға машықтандырады.
Мектеп оқушылары 1000-нан аса асық жинап, ұлттық ойынмен айналысуға өздері құлшыныс танытқан. Ұлттық ойын алғаш рет мектепте ұйымдастырылған аудандық әкелер мектебінің жиынында қолдау тапты. Жиынға қатысқан әкелер мен ұстаздар оқушыларға қазақ халқының ұлттық ойыны асық ату түрінен мастер-класс өтті. Қазіргі уақытта игі бастама жалғасын тапқан. Мектеп оқушылары үзіліс кезінде де асық ойнап, белсенділігін арттыруда.
Балаларды ұлттық спорт түріне баулыған мектеп ұстаздары «асық» спорты үшін мектепте арнайы бөлме жабдықтап, үйірме ашуды жоспарлауда. Ұлттық спорттың бұл түрі денсаулыққа тигізер пайдасынан бөлек, оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтады. Бұл бастама ата-аналар мен оқушылардың арасында үлкен қолдау тауып, мектептің ерекшелігіне айналды.