ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУ БОЙЫНША ШАРА ӨТТІ

Мемлекет басшысының жалпы адамзаттық құндылықтарды, ұлттық руханият пен отаншылдықты адамдардың бойына егу арқылы олардың мемлекетшілдік қасиеттерін қалыптастырып, елдің болашағын жарқын ету жөніндегі айтқандарына орай Түркістан облысында халықтың рухани-мәдени, елжандылық қасиеттерін қалыптастыру бағытында нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыстар мен шаралар тұрғындардың, жас ұрпақтың отаншылыдық рухын көтеруге қызмет етеді
Кентау қалалық ішкі саясат бөлімі және қалалық руханият орталығының ұйымдастыруымен ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ысырапшылдықты болдырмау, той мәдениетін қалыптастыру мақсатында қала әкімдігі, зиялы қауым өкілдері, мешіт имамдары және қаламыздағы барлық асабалардың қатысуымен алқалы жиын өтті.
Жиынға қала әкімінің орынбасары А.Байболова, ақсақалдар алқасының төрағасы М.Молжгітіов, Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары М.Юлдашев, Әжелер алқасының төрайымы Р.Жұмабайқызы, Аналар кеңесінің төрайымы М.Кривенцова, Кентау қаласының бас имамы Ғ.Айекеев қатысты.
Қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы М.Молжігітов тойы-жиындардағы асабалардың рөлін жайлы сөз қозғаса, орталық мешіттің бас имамы Ғ.Айекеев жаназа, ас-баталы жиындардағы ысырапшылдықты болдырмау мәселесін, той-жиындардағы ұлттық құндылықтардың сақталуы жайлы қаламыздың құрметті азаматы Б.Дәрібаев айтып өтті.
Сонымен қатар асабалар тарапынан ұлттық құндылықтарды дәріптеу бойынша өз ойларын ортаға салды. Жиын соңында қала және ауыл тұрғындарына той-жиындардағы ысырапшылдық пен дәстүрге сай той мәдениетін қалыптастыру мақсатында үндеу жолданды. Сонымен қатар қалалық руханият орталығы жанынан діни және асабалар кеңесі құрылып, тоқсан сайын отырыстарын өткізіп талқылаулар жасалатын болды.
Мәдениетіміз бен өнерімізді келешек ұрпаққа таныта білу жолында аянбай жұмыс жүргізіп келе жатқан қаламыздың мәдени ошағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының «Мәдениетім – мерейім» атты жылдық есептік кеші өтті.
Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының қызметкерлері қаламыздың мәдени тыныс тіршілігіне етене атсалысып, әрбір іс-шараны жоғары деңгейде, абыроймен өткізіп келеді.
Өткен жылы қаламыздың мәдениет қызметкерлері үшін табысты жыл болды. Бірнеше облыстық байқауларға қатысып, жүлделілер қатарынан көрінді. Айтулы жетістіктердің бірі облыстық «Өнерлі өлке» фестивальінде Кентау қаласы «Облыс әкімінің арнайы жүлдесіне» ие болды.
Халықтық атағы бар «Рапсодия» би ұжымы мен «Шапалақ» театры көрерменнің көзайымына айналып үлгерсе, 40 жылдық тарихы бар «Ардагерлер хоры» мен «Қаратау тәжі» ұлттық аспаптар оркестрінің өнерімен жерлестері мақтанады.
Жылдық есеп беру кешінде аталмыш фестивальде белсене қатысқан қаламыздың бір қатар азаматтарына арнайы алғыс хат табысталды.
Кентау қаласында салауатты өмір салтын ұстануға бағыттайтын, заманауи «FitnessBlitz» жаттығу залы іске қосылды. Қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова жаңа ашылған нысанға барып, жұмыс барысымен танысты.
Залда бір мезетте жүз адамға дейін денсаулығын жақсартуға, шынығуға мүмкіндік жасалған. Одан бөлек, жаттығудан соң арнайы жуынатын бөлмелер, гигиеналық заттармен, қажетті құралдармен қамтылған. Ал, жаттығу залында әр адамға қажетті заманауи құрылғылар орналастырылған. Сондай-ақ ең алдымен денені қыздырып алуға арналған бөлек бөлмесіде бар. Әр адаммен білікті де, тәжірибелі жаттықтырушылар жұмыс жасайды. Тіпті, оқу оқитын кез-келген жастарға жеңілдіктер қарастырған.
«Мұнда біз адамдардың дене бітіміне рухты және интеллектті физикалық түрлендіруге, дамыту арқылы мүмкіндігінше көп адамдардың санасын көтеріп, сапалы бақытқа жету жолына дағдыландыру, денсаулықтың нығаюына септігін тигізуге жұмыс жасаймыз» дейді жаттығу залының директоры Ренат Ким.
Сондай-ақ залға жаттығуға келген тұрғындардың денсаулығына байланысты тапсырмалар беріледі. Себебі, кез-келген тұрғын өз денсаулығына қарамастан артық күш салатын жаттығулармен айналысса, керсінше кері әсер етуі мүмкін дейді мамандар. Қаланың кез-келген тұрғынына жаттықтырушы болуға тәжірибелі тренерлер сабақ өтеді. Тіпті, осындай залдарда жұмыс жасауға мүмкіндік бермек.