«Көктем -2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы бойынша мәжіліс өтті

0
72

Түркістан облысының географиялық орналасуына қарай кеі өңірлерде көктем ерте келіп, ал екінші біреулерінде кештеу келеді. Табиғат құбылысының осындай ерекшелігін тиімді пайдалана білсе мол табысқа қол жеткізілетіні белгілі. Ауа райы ерте жылитын аудандарда ерте пісетін қырыққабат сияқты дақылдардың алғашқы өнімін жинап алып, басқа да ерте егіліп, тез пісетін дақылдарды егу жұмыстарына кірісіп жатыр.
Сарыағаш ауданы экономикасын дамытудың негізгі басымдықтарының бірі – ауыл шаруашылығы саласы болғандықтан, ауданда аталған саланы дамыту мақсатында аудан шаруалары көктемгі дала жұмыстарын жүргізуді қолға алып, әлеуметтік маңызға ие ерте пісетін сәбіз егуді бастап кетті.
Егін егуді алғашқы болып бастаған шаруалардың бірі Қабланбек ауылдық округінде орналасқан “Қалдан” шаруа қожалығының биылғы жылы   иелігіндегі  5, га  жерге жоғарғы сұрыпты сәбіз өнімін егуде. Алдағы уақытта 2 га алқаптан 45 тонна өнім алу жоспарлауда. Басқа да аудан шаруалары егістік жерлерін өңдеп, егіс егу жұмыстарына дайындық жүргізуде.
Биылғы жылы аудан бойынша 75,7 мың га егістік жерді игеру жоспарлануда, оның ішінде: дәнді және бұршақты дақылдар – 49,9 мың га, майлы дақылдар – 1,1 мың га, картоп – 2,03 мың га, көкөніс – 10,6 мың га, бақша өнімдері – 0,5 мың га, мал азығы – 11,6 мың га орналастырылатын болады.
Мемлекет басшысы логистиканы жақсарту жайында үнемі айтып, транзиттік мүмкіндіктерімізді тиімді пайдалануды, кедендік бекеттердің жұмыстарын сапалы жүргізуін қамтамасыз етуді тапсырып келеді. Сарыағаш ауданы аумағындағы шекаралық кедендік бекеттің жағдайы аудан басшылығының бақылауында.
Сондықтан да аудан әкімі Арман Абдуллаевқа  Сарыағаш қаласының аумағында орналасқан «Қабланбек» кеден бекеті аумағын дамыту бағытындағы жобалар эскизін  «Евразия» ЖШС-нің өкілдері таныстырып, жобалардың мән-жайы талқыланды.
«Қабланбек» кеден бекеті маңында “Евразия” ЖШС қарасты “Евразия” сауда базары  орналасқан. Аталған кәсіпкерлік нысан аймағын дамыту мақсатында уақытша  сақтау қоймасы, жүк және жеңіл көліктерге арналған автотұрақ, сонымен қатар, ғимарат аумағына тамақтану және  сауда орындары, ақша айырбастау пункттерін салу жоспарлануда.
Осы ретте, бұл жоба кеден бекеті маңындағы заңсыз саудаларды, кептелістерді азайтуға және де абаттандыру жұмыстарына да өз әсерін тигізеді.
Сонымен бірге аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш аудандық «көкпар федерациясы» қоғамдық бірлестігінің мүшелерін қабылдады. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев,  ауданның мәдинет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Нұржан Ахментаевтар қатысты.
Кездесу барысында ғұрыптық-жауынгерлік ойын өнерінің иелері аудан басшысымен ашық форматта пікір алмасып,өзекті мәселелер талқыланды.
Айта кетсек, Қазақ халқында ұлттық ойындардың ішінде  көкпардың алар орны ерекше. Көкпар әдетте ер балалардың физикалық шынығуына әсер етіп қана қоймай, олардың бойына жылдамдық, ұтқырлық, табандылық секілді қасиеттерді сіңіріп өсуіне жол ашады.  Сарыағаш ауданында көкпар федерациясы 2020 жылдың 27 қазанында федерацияның құрылтай конференциясында құрылып, жарғысы бекітілген. Сарыағаш аудандық «Көкпар федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Ихтияр  Қалибеков.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен «Көктем -2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы бойынша мәжіліс өтті. Мәжіліске аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Иса Елеусізов, аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байғабылов сонымен қатар, Сарыағаш аудандық азаматтық құрылым мүшелері қатысты.
Жиын барысында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Иса Елеусізов “Көктем -2025” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы бойынша іс-шара жоспарын баяндады.