ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНЫҢ ШАРАЛАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ

0
62

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «ЖҰмысшы мамандықтары жылында» Түркістан облысында осы салаға бағытталған ауқымды шаралар жоспарланған. Колледждерде еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа да заманауи мамандықтарды енгізу мен қолдау, мектептерде жұмысшы мамандықтарын насихаттау және облыс көлемінде жұмысшы мамандықтары бойынша жұмыспен қамтуды ұлғайту мен жұмысшы мамандығы иелеріне құрмет көрсету мен насихаттау сияқты көптеген шаралар өткізілмек. Жұмысшы мамандығы жылына арналған шаралар облыстың барлық қалалары мен аудандарында да өткізілуі жоспарланып отыр.
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті.
Жиынның күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Алғашқы болып қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғалымжан Андосов «Жұмысшылар жылында» атқарылатын жұмыстар барысын баяндады.
ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев «Биыл – Жұмысшы мамандықтар жылы. Осыған орай, маңызды іс-шаралар мен жобалар жүзеге асырылмақ. Еңбек адамының абырой-беделін арттыру үшін нақты жұмыс жүргізіледі. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін түбегейлі жаңғырту ісін бастау керек. Жауапты мекеменің бәрі және ең бастысы, жеке сектор бұл іске белсене араласуға тиіс» деген болатын.
Қала басшысы Жандос Қалмырзаұлы жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, «Жұмысшы мамандықтар жылында» жоспарлар мен бағдарламаларды жүйелі жасауды, қаладағы техникалық мамандық дайындайтын оқу орындарымен байланысты шаралар ұйымдастыруды бағыттады. Себебі, бұрыннан «Кентау қаласы — нағыз мамандар дайындайтын кадрлар қаласы» деп аталған. Сол үрдіс әлі күнге жалғасып келеді. Қалада 6 орта оқу орыны болса, соның 5-уі техникалық мамандық дайындайтын орда.
Күн тәртібіне сәйкес, екінші болып қала әкімдігі аппаратының бас инспекторы-баспасөз хатшысы Жанна Алимбаева әлеуметтік желілер арқылы шыққан ақпараттарға жасалған мониторингі бойынша және қалалық «109 байланыс орталығының» басшысы Жасұлан Қожахмет әр секторларда берілген тапсырмалардың орындалу барысын баяндады.
Әр баяндамашыны тыңдаған қала басшысы, әр сала өзіне жүктелген жұмысқа тиянақтылықпен қарап, уақытылы орындау қажеттігін атап өтті. Баяндалған бірқатар мәселелер бойынша жауаптыларға тапсырмалар берді.
Сол сияқты Кентау қаласында Мемлекет басшысының бұқаралық спортты насихаттау мен халықтың үштен бірінің денешынықтыру және бұқаралық спорт түрлерімен шұғылдануын насихаттау бойынша жұмыстар да жүйелі атқарылуда.
Кентау қаласының 70 жылдығы аясында Кентау қаласының әуесқой командалары арасында Футзалдан 2025 жылғы қысқы чемпионатының ашылу салтанаты болып өтті.
Қазақстан Республикасының әнұранымен басталған салтанатты рәсімде Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жалғасбек Жақаев келген қонақтарды, жарысқа қатысушыларды доп додасының басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі.
Аталған жарысқа қаламыздан жалпы 11 команда қатысуда. Атап айтсақ: БУМ, ЮЖНЫЙ, СПОРТ, ЖАС ҰЛАН, БАЙЫЛДЫР, ХАНТАҒЫ, КТЗ, ҚАЙРАТ, ДАРМИНА, КПК, ADALRAUMAX командалары.
11 турдан тұратын чемпионат 01-22 ақпан күндері аралығында әр аптаның сенбі, жексенбі күндері қалалық Б.Саттарханов атындағы № 1 БЖСМ-де өтетін болады.
Жарыс төрешілерінің айтуынша бірінші күннен тартысты басталған футбол додасына əрбір команда да жеңіске жетуге деген құштарлықтары басым екенін жеткізді. Жарыс қорытындысы бойынша бағы мен баптары келісіп, мықтылықтарын дәлелдеген командалар кубок, медаль, диплом және сыйлықтармен және ойыншылар жекелей номинациялармен марапатталатын болады.