«БРАКОНЬЕР» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

0
27

Мемлекет қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық ахуалды сақтап қалу, оны бұзушыларды бұғаттап, қылмыстың алдын алу бағытында жоспарлы түрде іс-шаралар жүргізіп келеді. Түркістан облысында осы ақпан айының басынан аяғына шейін «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталып, жүргізілуде. Түркістан облысының аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушыларға тосқауыл қойып, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шара өтіп, 56 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Іс-шара барысында полиция басқа да тиісті сал қызметкерлерімен бірлесіп браконьерлік, жасыл желектерді кесу, объектілер мен биологиялық ресурс өнімдерінің заңсыз айналымы фактілерін анықтау жұмыстарын жүргізіп, рейд ұйымдастырды.
Нәтижесінде полиция қызметкерлері шараның 3 тәулігінде жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау ережелерін бұзудың 9 дерегін, балық аулау ережелерін бұзудың 47 фактісін тіркеді. Браконьерлерден 55 келі балық, шамамен 1500 метр болатын балық аулау торлары, 3 қайық және тіркелмеген аңшылық мылтық тәркіледі.
Мәселен Сауран ауданының учаскелік полиция инспекторлары рейд кезінде Сырдария өзенінде заңсыз балық аулау фактісін анықтады. Тәртіп сақшылары жергілікті тұрғынды балық аулау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Өз кезегінде полицейлер «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы 1-28 ақпан аралығында өткізілетінін ескертеді. Облыс тұрғындарын табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға шақырады.
Түркістан облысында цифрландыру мен электрондық технологияларды барлық салаларға ендіріп жұмыстың сапасы мен тиімділігін арттыру жұмыстары өзінің нәтижесін беруде.
Жетісай аудандық Полиция бөлімінің жедел басқару орталығында полиция қызметкерлері тәулік бойы үздіксіз қырағылықпен қызмет атқаруда. Осы орайда полицейлер Жедел басқару орталығымен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау мақсатында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жедел жұмыстарды жүзеге асыруда.
Бейнекамералардың көмегімен жыл басынан бүгінгі күнге дейін жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау сынды құқықбұзушылықтар анықталуда.
Атап айтқанда алкогольдік ішімдік ішу 11, немесе қоғамдық орындарға масаң күйде жүру және ортақ пайдаланатын қоғамдық орындарды ластау 17, белгіленбеген орындарға қоқыс тастау сынды түрлі 300-ге жуық құқықбұзушылықтар анықталып, шара көрілді.
Осыған сәйкес, аудан тұрғындарын Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген тәртіп пен заңдылықтарды қатаң сақтауға шақырамыз!
Мемлекет басшысы халықпен құқық қорғаушылар арасында өзара түсіністікті, бірлікшіл қарым-қатынасты қалыптастыру қоғамдағы заңсыздықтар мен тәртіпсіздіктерді, түрлі қылмыстарды азайтуға, алдын алуға септігін тигізетінін айтқан болатын. Соған орай облыстық құқық қорғау саласының қызметкерлері тұрғындармен қоян-қолтық түсіністікте, бірлікте жұмыс жасауға, әсіресе жас ұрпақтың құқық қорғау саласымен мектеп қабырғасынан танысып, тәртіп сақшыларының жұмысына қызығушылығын тудыру, қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті сақтауға үлес қосуы сияқты бағыттарға бейімдеу бойынша үздіксіз шаралар ұйымдастырып, жас сақшылар сыныптарын қалыптастырып, олармен тіғыз байланыста жұмыс жасауда. Полиция сыныбының құрылуы мен жұмыс істеуі өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге, балаларда құқықтық дүниетанымды, жоғары рухани-адамгершілік пен моральдық — психологиялық қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.
Осы орайда Мақтаарал ауданы полиция бөлімінің ұйымдастыруымен полиция сыныбының «Жас сақшыларына» криминалист полиция капитаны Ағабек Әмзеев криминалистика саласы бойынша өзінің тәжірбиесімен бөлісіп, есірткі қылмысы, бұзақылық қылмыстарының алдын алу, жол жүру ережелері жайлы ақпарат берді.
Сонымен қатар осы дәріс үстінде Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясының күндізгі бөліміне әкімшілік-құқықтық қызметі мамандығы бойынша оқуға түскен 1 курс курсанты Ералы Әкімбек қонақ ретінде шақырылды. Ол полиция қатарын өз елінің нағыз патриоты адал офицерлермен толықтыру мақсатында жас достарын ҚР ІІМ жоғары оқу орындарына қабылдану шарттарымен таныстырып, Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясының жоғарғы оқу орнына оқуға шақырды.