ЭКОНОМИКАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУ МЕН ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ МАҢЫЗДЫ

0
45

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту көлемін ұлғайтуды тапсырған болатын. Қазіргідей әлем елдері арасында қалыптасқан экономикалық қатынастар өзгеріп, геосаяси ахуал күрделеніп, санкциялар экономикалық, сауда-саттық, алыс-беріс пен әлеуметтік дамуға кедергі келтіріп жатқан тұста елдегі экономиканы әртараптандыру, ішкі резервтерді іздестіру мен жаңашылдықпен жұмыс жасап, өндірістік, ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік салаларында жаңаша даму көздерін табу маңызды болып отыр.
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының қарқынын бәсеңдетіп алмау үшін Үкіметтегі және жергілікті атқарушы органдардағы шенеуніктер жұмыстарын жаңаша инновациялық әдістермен ұйымдастыруға көшуі қажет. Бюджет қаржысын тиімді жұмсау мен бөлінген қаржыны талан-таражсыз мақсатты жұмсау қажет. Әсіресе, инвестиция тартуға баса мән бере отырып жаңа технологиялар мен үнемшілдікке қол жеткізуге мүмкіндік беретін ғылым жетістіктерін мүмкіндіктерді өндіріске көптеп енгізе отырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға қол жеткізуге ұмтылу қажет.
Халқының саны жағынан алдыңғы орындардағы Түркістан облысында әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын бәсеңдетіп алмай, барынша жоғарылата түсу үшін атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Оның ішінде жаңа технологияларды енгізу, ішкі және сыртқы инвестиция тартуда, инвесторларға қолайлы жағдай жасауда белсенділік таныту өз нәтижесін беруде. Барлық салаларда шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау жасау мен азаматтардың жеке кәсіптерін ашуына мемлекеттік бағдарламалар мен гранттар арқылы жағдай жасап, қолдау білдіру өз нәтижесін беруде.
Солардың арасында аймақтың және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде әсіресе, инвестиция тартуға ерекше көңіл бөлудің тиімділігі мен берер нәтижесі мол.Түркістан облысында осы бағытта жұмыс жүруде. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен өндіріс орындарын ашу, өзіндік кірісті ұлғайту, инвестиция тартуға басымдық берілген. Шет мемлекеттерге іссапарлар жасалып, маңызды меморандумдарға қол қойылды. Түркістанда халықаралық инвестициялық форум өтіп 301 млрд теңгені құрайтын 35 меморандум түзілді. Жұмыстар нәтижесінде өңірде негізгі капиталға салынған инвестициялар 1 334,9 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 137,4%.
Тамақ өнімдерін өндіру – 76,3%-ға (25,8 млрд теңге), металл кендерін өндіру 45,2%-ға (205 млрд теңге), тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 49,3 %-ға (221,8 млрд теңге) өсті. Нәтижесінде тамақ өнімдерін өндіру 76,3%-ға (25,8 млрд теңге), металл кендерін өндіру 45,2%-ға (205 млрд теңге), тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 49,3%-ға (221,8 млрд теңге) өсті. 2024 жылы 126 млрд теңгеге 56 инвестициялық пул жобалары іске асырылды. 2300 жұмыс орны құрылды.
Облыс бюджеті былтыр 1 562,8 млрд теңгені құрады. Оның ішіндегі өзіндік кірістер – 253,1 млрд теңге (107,8%). 2024 жылға салықтық түсімдердің жоспары – 175,7 млрд теңгені құраса, нақты түсім 192,2 млрд теңгені құрап, жоспар 109,4%-ға орындалды. Бюджетке 16,5 млрд теңге артығымен түсті. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда түсім 28,9%-ға артқан (2023 жылы – 149,1 млрд теңге). Салықтық емес түсімдердің жоспары 35,6 млрд теңге болса, нақты түсім 37,6 млрд теңгені құрап, жоспар 105,4%-ға орындалды.
Облыс қалалары мен аудандарында биылғы жылға белгіленген межелер де жоғары. Оны орындау үшін облыс әкімінің алға қойған міндеттері мен өңірді дамытуға арналған тұжырымдамаларды жергілікті әкімдер орындауғы күш салулары қажет. Ол үшін таяудағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы айтқандай әкімдер жаңашылдықпен, жауапкершілікпен, батыл қимылдарға барып, белсенді де ұтымды жұмыс жасауды ұйымдастыра білуге тиісті.