ТҮРКІСТАНДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ЕРЕКШЕ МӘН БЕРІЛУДЕ

0
70

Таяуда Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев баспана мәселесі туралы айта келіп «Тағы бір маңызды міндет – тұрғын үй қорын басқару жүйесін жаппай реформалау. Қала құрылысын жоспарлаудан бастап, нысандарды пайдалануға беруге дейінгі барлық үдерісті цифрлық форматқа толық көшіру қажет. Бірыңғай ақпарат жүйесін жыл соңына дейін әзірлеу керек.
Біз былтыр тұрғын үй құрылысы бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік (19 миллион шаршы метр). Бұл – өте жақсы. Бірақ тұрғын үйдің санына емес, сапасына және оның қолжетімді болуына баса назар аударған жөн» деді.
Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бағдарламалармен, республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржылармен жұмыс істей отырып тұрғын үй салу құрылысының қарқынын бәсеңдетпеуге бағыт ұстанған. Сонымен қатар салынатын тұрғын үйлердің жер телімдерін таңдау, үйлердің сәулетін жақсарту, жергілікті материалдарды қолдана отырып құрылыстың сапасын арттыру, айналасын абаттандыру мен көгалдандыру, тұрғындар мен олардың балалары үшін жайлы да ыңғайлы болуын қамтамасыз ету мәселелерін назарда ұстап отырады.
Түркістанда өткен жылы 534 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Қазіргі таңда, Түркістан қаласының тұрғын үй кезегінде 16 579 азамат тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркеліп тұр. Тұрғын үй кезегіне түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 3026 азамат шығарылды. Соңғы 3 жылда 7136 адам тіркелсе, 3686 адам кезектен шығарылған.
Өткен жылы 961 пәтер берілсе, биыл 944 пәтер беру жоспарлануда. Сондай-ақ, «Отбасы банк» арқылы 58 тұрғын үйдің 3076 пәтері сатылды. 2025 жылға 2127 пәтерді құрайтын 30 тұрғын үй пайдалануға тапсыру жоспарлануда.
Тұрғын үйлерді жекешелендіру бойынша Заң биыл 21 қаңтарынан бастап күшіне енді. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерді меншігіне өтеусіз бірқатар санаттағы азаматтар ала алады.
Бұл жоба 2023 жылы «Sun Holiday» ЖШС бастамасымен қолға алынып, құрылыс жұмыстарын «Pana Qurylys Group» ЖШС жүзеге асыруда. Жалпы аумағы 2,3 гектарды, ал нысан құрылысы 1,5 гектар аумақты қамтиды. Құрылыс жұмыстары алдағы наурыз айында толық аяқталып, кешен пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Киелі де қастерлі тарихи қаланы туризм орталығы жасауда оның экологиялық жағынан талаптарға сай болуы, тазалығы мен сәулетті болуы да маңызды.
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының осы қызметке кіріскелі бері облыс орталығының сәулеті мен тазалығына ерекше мән беріп, тұркістандықтарды қала тазалығын сақтауға шақырып келеді.
Біздің басты мақсатымыз — қалада жайлы әрі таза орта қалыптастыру. Экологиялық мәдениет — өміріміздің айнымас бөлшегі болып қалыптасуы қажет. Қала тазалығы — бәріміздің ортақ міндетіміз. Бұл міндетті жүзеге асыруда тазалық қызметкерлерінің атқарар рөлі де өте маңызды. Олар күнделікті өмірде қала көшелерін, аулаларды, қоғамдық орындарды таза ұстауға өз үлестерін қосып келеді.
Қала тазалығын сақтауда қызметкерлеріміздің еңбегі зор, олар ауа райы мен басқа да қиындықтарға қарамастан, тазалықты қамтамасыз етуге талмай еңбек етеді.
Осы орайда, біз тұрғындарға да жауапкершілікпен қарап, ортақ тұрғын үй мен қала аумағын таза ұстауға, алдағы уақытта болатын сенбіліктерге белсене атсалысуға шақырамыз. Біздің бүгінгі қаламыз — ертеңгі ұрпаққа мұра.Түркістанның тазалығы – ортақ міндет!
Түркістан қаласының көркі мен тәртібі – баршамыз үшін маңызды. Түркістан қаласы әкімдігінің “Сәулет және қала құрылысы бөлімі” жүргізген мониторинг нәтижесінде Қызылорда тас жолы мен Кентау тас жолы бойындағы рұқсатсыз жарнамалар мен заңсыз кәсіпкерлік нысандар алынып тасталды. 45 рұқсатсыз орнатылған жарнама демонтаждалды. Өз бетінше қойылған самса пештері алынып тасталды.
Рұқсатсыз орнатылған кәсіпкерлік дүңгіршектер (киоскілер) жойылды.
Бұл жұмыстар қаламыздың көркемдігін сақтап, заң талаптарын ретке келтіруге бағытталған. Тазалық пен тәртіп – өркениетті қоғамның айнасы. Барша тұрғындарды заң талаптарын сақтауға және қала мәдениетін қалыптастыруға үлес қосуға шақырамыз!
Тәртіп бар жерде – тазалық, тазалық бар жерде – табыс!
Түркістан облысы Түркістан қаласында азаматтарға арналған құқықтық кабинеттер мен бұрыштар қызмет атқаруда. Бұл құқықтық кабинеттер мен бұрыштарда түркістандық тұрғындар өздерінің құқықтық мәселелерімен келіп, кеңес алып, әрі құқықтық сауаттылығын да арттырып отырады. Аталған кабинеттерді жұмысын Түркістан қаласы әкімі аппаратының Заң бөлімінің маманы арнайы аралап, жұмысын бақылады.
Айта кетерлік нәрсе, бұл бастама азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға, қажетті ақпарат пен құқықтық кеңестер алуға мүмкіндік береді.