АУДАН БАСШЫСЫ БӨЛІМДЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН САРАЛАДЫ

Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде барлық деңгейдегі атқарушы биліктегі мемлекеттік қызметшілердің жұмысын ширату, жауапкершілігін арттыру жөнінде айта келіп Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мен реформалардың нақты бағыты мен оны жүзеге асыру жолдары туралы осыған дейін де айттым. Үкімет ел экономикасын тұралап қалудан сақтап, орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін күрделі шешімдер қабылдауы керек және ең бастысы сол шешімдерді іске асыруға тиіс.
Бұл – жоғары білікті әрі жауапкершілік алуға дайын мемлекеттік қызметшілердің қолынан келетін жұмыс. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, мемлекеттік аппараттың тиімділігі осындай күрделі кезеңдерде айқын көрінеді» деп тиімділікпен, жауапкершілікпен жұмыс істеу мемлекеттік қызметкерлердің басты міндеті екенін айтты.
Түркістан облысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындауы мен тапсырылған жұмыстарды атқарудағы нәтижелілігі үнемі қадағаланып отырады.
Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан 2024 жылы атқарылған жұмыстар мен 2025 жылға міндеттер бойынша жиын өтіп, бөлім басшысы Ардақ Талдыбаев және «Мансап орталығы» филиалының директоры Дінислам Абдихаймов баяндамаларын жасады. Ағымдағы жылға жоспарланған жобалары мен бастамаларын талқылады. Кездесу барысында келесі мәселелер қарастырылды:
Жұмыссыздық деңгейін төмендету және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы бастамалар, Аз қамтылған және әлеуметтік осал топтарды қолдауға арналған бағдарламалар, Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, Жергілікті халықты жұмыспен қамту мүмкіндіктері, Жастарға арналған арнайы жобалар мен бағдарламаларды жастарға жеткізу мәселелері айтылды.
Сонымен қатар, «Мансап орталығы» жұмысының тиімділігін арттыру, цифрлық технологияларды қолдану, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту және халықпен кері байланысты нығайту мәселелері де сөз болды.
Бөлім басшысының есебін тыңдаған аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы әлеуметтік салаға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. Атап айтатын болсақ, ауыл округ әкімдерімен тиісті бөлімдермен бірлесіп, қадамдық іс-шаралар жоспарын бекітіп, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Аудан әкімі кәсіпкерлік бөлімінің ағымдағы жылға арналған жоспарларын және іске асатын жобаларды талқылады. Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында шағын және орта бизнесті дамытуға арналған жобалар қарастырылды. Аудандық кәсіпкерлік бөлімі басшысы Патима Ташимова
Шағын және орта бизнесті қолдау, жаңа кәсіпкерлік нысандарын ашу және жұмыс орындарын құру, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мен жаңаларын тарту, өнеркісіптегі жаңа жобаларды қолдау, кәсіпкерлік білім беру және басқа да жұмыстардың барысы жайында баяндады.
Аудан әкімі Азат оралбаев осы жұмыстарды жүзеге асыру кезінде орындалу мерзімдерін нақтылап, әр жобаға жауапты тұлғаларды бекітуді тапсырды. Сонымен қатар, нәтижелерді тоқсан сайынғы есептер арқылы бақылап отыруды міндеттеді.
Сондай-ақ, кәсіпкерлік инфрақұрылымын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын құру және инвестицияларды тарту мәселелері талқыланды. Аудан басшысы кәсіпкерлерге әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Аудан басшысы ағымдағы жылы іске асатын жобалар мен жоспарлар туралы экономика және қаржы бөлімінің есебін тыңдады. Есеп беру барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар мен іс-шаралардың негізгі бағыттары айқындалды.
Аудан бюджетінің орындалуы — бұл ауданның қаржылық жоспарында қарастырылған кірістер мен шығыстардың нақты орындалу деңгейі. Бюджеттің орындалуын талдау мемлекеттік қаржының тиімділігі мен мақсатқа сай пайдаланылуын анықтауға мүмкіндік береді. Бюджет кірістері мен шығыстары бірнеше кезеңдерден өтеді және олардың орындалуы негізгі көрсеткіштер бойынша бағаланады.
Сонымен қатар, аудан басшысы бюджет қаражатының тиімді игерілуі және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша сала орынбасары мен бөлім басшысына нақты тапсырмалар берді. Аудан экономикасының өсу қарқынын сақтау және қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында қажетті шаралар жоспарланды.
Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында іске асырылатын жобаларды талқылау және қабылдау жөніндегі жиын өткізді.
Жиын барысында ауданның инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік және экономикалық нысандардың құрылысын жүргізу, сондай-ақ заманауи сәулет талаптарына сай жаңа жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.
Жиналыста Ордабасы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Талғат Омарқұлов Тұрғын үй құрылысы – халықтың баспана мәселесін шешуге бағытталған көпқабатты үйлердің салынуы. Әлеуметтік нысандар – мектептер, мәдениет үйі және спорт кешендері мекемелері. Аудан құрылысының жаңа жоспарлары – демалыс орындары мен қоғамдық кеңістіктерді дамыту туралы айтты.
Бұл жобалардың сәтті іске асуы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартып, ауданның экономикалық өсуіне серпін береді деп күтілуде.
Аудан басшысы өз сөзінде ауданның дамуын қамтамасыз ету үшін жүйелі және сапалы жобалардың маңыздылығын атап өтті. Жиын соңында әрбір жоба бойынша нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалу мерзімдері мен жауапты тұлғаларға тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, ауданның көріктілігін арттыратын жаңа сәулет шешімдерін қолдану қажеттігі айтылды.