ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ ОРДАБАСЫҒА КЕЛДІ

0
49

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің қарқынды дамуы үшін инвестиция тартудың маңыздылығын атап айтты. Соған байланысты Түркістан облысының барлық аймақтарында ішкі және сыртқы инвестициялар тарту бойынша жұмыс жандана түсті.

Франция мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильван Гиоге ауданымызға арнайы сапармен келді.

Делегация құрамы «Borte Engineering» ЖШС-нің тамақ өнеркәсібіне арналған жабдықтар шығару өндірісімен және «JNRAY Group» тігін фабрикасының жұмысымен танысты.

«Бөрте Милка» компаниясының кешені өңірдегі жалғыз роботтандырылған сүт-тауарлы ферма болып саналады. 400 сиырдан бастаған жүйелі түрде жұмыс істейтін инфрақұрылымы бар кешен: қазіргі уақытта голштейн-фриз тұқымды 750 сауынды сиыры бар, толық роботтандырылған тауарлы сүт фермасы, жеке жем цехы, жас малдарды бордақылау базасы, сүт өнімдерін өндіруге арналған сүт өңдеу зауыты. Жобаның жалпы инвестициялық құны 7,1 млрд.тг., жобалық қуаты – тәулігіне 50 тонна, 110 адам жұмыс істейді. 2024 жылы жаңадан салынған қора қолданысқа берілді, бұл айтарлықтай басқа модель. Оған 4 робот қызмет көрсетеді. 2025 жылы қосымша тағы қора жай салынып сауын сиыр басын 300 басқа ұлғайту, алдағы уақытта терең өңдеу арқылы сүттен ірімшік жасау процесінде алынатын қатты немесе жартылай қатты масса түріндегі сыр өнімін өндіру жоспарланып отыр.

Өткізілген бас қосуда аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы ауданның даму бағыты, басымдықтары мен мүмкіндіктері жайында әңгіме қозғап, инвесторларды шикізаттық емес секторды дамытуға терең өңдеу және туризм саласын дамытуға қолайлы аудан екендігін айтып логистиканың дамуы инвесторларға инвестиция салуына ыңғайлы аудан екендігін айтып жеткізді.

Сол сияқты аудан әкімі Азат Оралбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кезекті жеке қабылдауға әкім орынбасары мен дербес бөлім басшылары ауыл округ әкімдері қатысты.

Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй, асфальт төсеу, жоғары кернеулі электр бағаналарын ауыстыру, тас төсеу, көше жарығын орнату, спорт алаңшасын салу, жол кедергісін орнату мен газ мәселесін айтты. Одан бөлек тізімнен тыс тұрғындарды қабылдап, өтініштерін тыңдады.

Аудан басшысы азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстарын жеке-жеке тыңдап, айтылған мәселелер тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

Сондай-ақ орынбасары мен бөлім басшысына мәселелерді талдап, зерделеу жұмыстарын жүргізу керектігін және заң аясында шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

Ауыл шаруашылығы саласының даму барысын бақылау мақсатында аудан әкімі Азат Оралбаев апталық жұмыс жоспарына сәйкес, Төрткүл, Қараспан, Қажымұқан ауыл округ әкімдерінің алдағы жоспарлары мен атқарылған жұмыстары туралы есебін тыңдады.

Жиында ауыл округтердің дамуы мен әлеуметтік мәселелердің шешілу жолдары және ауылшаруашылығын дамыту мақсатында осы жылдың межесінде іске асырылатын маңызды қадамдары талқыланды.

Аудан әкімі бірқатар салаларға баса назар аударуды, газ жүйелеріне абоненттерді қосу, шағын және орта кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды. Ауыл шаруашылығын дамыту мал және егін шаруашылығын қолдау, ауылдарды көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, “Taza Kazakstan”акциясы аясында жүйелі жұмыстарды жүргізуді міндеттеді.

Аудан басшысы ауыл округ әкімдеріне әр ауылдың ерекшеліктері мен ресурстарын ескере отырып, осы бағыттарды жүзеге асыру арқылы ауылдарды жан-жақты дамытуға болатынын атап өтті.

Сондай-ақ, Ордабасы ауданына арнайы іссапармен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Арынбаев келді.

Іссапар барысында Шұбарсу ауылы, Арал-ЭКО массивінде құрылысы жанданған (600 орындық) мектептің жай-күйімен танысып, ондағы жауапты мердігерлермен кездесті.

Бүгінде іргесі қаланып, қабырғалары көтеріліп, шатыры жабылған білім ордасының терезелері орнытылып, ішкі және сыртқы жұмыстарына екпін берілген. Құрылыс жұмыстарын аралаған аудан басшысы мен Департамент басшысының бірінші орынбасары құрылыс сапасын бақылауда ұстап, зерделеу жұмыстарын жүргізу керектігі айтылды. Арнайы график түзіліп, жұмысшы санын көбейту, құрылыс жұмыстары барысында ешқандай кемшіліктердің орын алмауын бақылауда ұстауды тарсырды.

Айта кетейік, 3 қабаттан тұратын білім ұясының құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталып, тек іргетасы ғана құйылып, құрылысы тоқтап қалған болатын. Бүгінгі күнде «Дос и К» ЖШС тарапынан мектептің қабырғасы қаланып, төбесін жабу жұмыстары жүргізілуде.