КЕНТАУДА ВУНДЕРКИНД БАЛА ӨСІП КЕЛЕДІ

0
46

Жиырма бірінші ғасырда «Білекті бірді жығыды, білімді мыңды жығады» деген ата-бабалар нақылының кезеңі толықтай туды десек болады. Себебі, бүгінде қай салада болсын қара күштің құны қалмады, білімдінің бәсі биіктеп тұр. Ғылым мен білімді жетік меңеріп, соның арқасында озық технологиялар, ғарышты игеру жолдарын, электроника мен циярлық технологияларды қарыштап дамытуға кіріскен, жасанды интеллект арқылы әлемнің дамуына революция жасап жатқан мемлекеттер бар. Қазақстан да сондай заманауи дамуы жолында жетістіктерге жету үшін білім саласына ерекше көңіл бөлуі, оқушылардың жан-жақты дамып, қалыптасуын қамтамасыз етуі керек. Ол үшін балаға білім беретін педагогтің біліктілігі мен беделі биік болып, оқушының білім теңізінде балықша жүзіп, әлемдік ғылым-білімді құштарлықпен үйренуін жүзеге асыруы қажет. Сонда ұстаз қадірі, оқушы білімі арта түседі.

Есепті шемішкеше шағатын балақай туралы естіп пе едіңіз? Кентау қаласында тұратын бес жасар Тамерлан қазіргі таңда «Еркетай орталық» бөбекжай – балабақшасы ЖШС-ның тәрбиеленушісі.

Асанбеков Тамерлан Қанатұлы 2022 жылдан бері «Радуга» тобында тәрбиеленіп келеді. Дарынды бүлдіршін отбасындағы үш баланың екіншісі. Тамерлан өте алғыр, топта белсенді, өз ойын ашық, еркін айта алатын және достарымен тез тіл табыса білетін бала.

Оны тәрбиешілері өте дарынды, болашақ математик деп атайды. Тамерлан есепке жүйрік. Ол есепті шығару барысында бір және көп таңбалы сандарды қиындықсыз шешімін таба алатыныдығымен өзгелерден ерекшеленіп келеді. Тәрбиешісі Акбаян Жумагалиевна, Тамерланның есепке деген қызығушылығын байқап, ата-анасына математикадан логикалық есептер шығаратын қосымша үйірмелерге қатысуына кеңес береді. Тамерлан балабақшадағы әрбір іс-шара, сайыстарға белсене қатысады. Балабақшада өткен «Күз ханзадасы-2024» сайысында ерекше талантымен көзге түсіп, бас жүлде иегері атанды.

Тамерланның ата — анасы баласының ерекше қабілетін байқаған соң оған жан-жақты қолдау білдіріп, сабағын үнемі бақылап, қадағалап отырады.

— Президенттің — «Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман» деген сөзіне толықтай қосыламын. Бүгінде математиканың адамзат үшін маңызы зор, сондықтан математикалық терминдермен ойлау әр саналы адам үшін маңызды жетістік. Тамерланнан болашақта зор үміт күтеміз,-дейді тәрбиешісі Ақбаян Жумагалиевна.

Бес жасар Тамерлан қазіргі таңда қалалық «Еркетай орталық» бөбекжай – балабақшасы ЖШС-ның тәрбиеленушісі.

Сонымен қатар, Кентау қаласында Қазақстан Республикасы «Педагог мәртебесі» Заңын іске асыру, ұстаздардың беделін көтеру, оларға қолдау көрсету, жас дарындарды қолдап, болашаққа жол ашу мақсатында «Дарындыға — дархан жол!»тақырыбында салтанатты іс шара өтті.

Іс- шарада ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық ауыл олимпидасы, 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер олимпиадасы, «Ғылыми жоба», «Зерде» зерттеу жобаларының облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жетекшілерін марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты шарада қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова, қалалық маслихат төрағасы Қабылан Елеусізов, білім бөлімінің басшысы Әділ Ауелбеков жеңімпаз оқушылар мен оларға тәлімгерлік жасаған жетекшілерін құттықтап марапаттады.

Бұл жеңімпаздар өздерінің табандылығы мен еңбекқорлағының арқасында жетістіктерге жетті. Олар өздерінің қабілеттерін шыңдап, әр түрлі байқауларда өзін дәлелдей алды. Оған ол оқушыларды сол пәндер мен салалар бойынша жарыстар мен байқауларға шаршамай-талмай дайындаған, білгенін үйретіп, бағыт-бағдар берген ұстаз-жетекшілерінің сіңірген еңбектері де орасан зор. Мұндай үздік шәкіттер тәрбиелеп жүрген ұлағатты ұстаздардың мәртебесі әрдайым жоғары екені де талдассыз. Ал аталған Олимпиадаға қатысушылар үшін бұл тек жарыс емес, өздерінің білімін, қабілеті мен дарынын дәлелдеуге берілген жаңа мүмкіндіктер болды.

Қазақстанның болашағы — білімді, талантты, еңбекқор жастардың қолында. Өткен жылды осындай жетістікпен тәмамдаған білімгерлер, 2025 жылды да жеңісті етеміз деп сенім білдірді.