БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Түлкібас ауданында аудан әкімінің кезекті жиынында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мәселелері мен тазалық мәселесі қаралды. Сол сияқты ауданда тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесіне де көңіл бөлініп отырады. Ұлттық жобаға сійкес ауданда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Сондай-ақ, жастарға «Серпін — -20250» бағдарламасы арқылы қалаған мамандығы бойынша оқуға түсу жолдары түсіндірілген басқосу болды.
Халқымызда «Ауылына қарап, азаматын таны»-деген нақыл сөз бар. Бірақ, кейбір жерлестеріміз есік алдындағы тазалыққа көңіл бөлмей, ауыл тазалығы туралы онда келген қонақтар мен жолаушыларға жаман ой салады.
Түлкібас аудан әкімі Аскар Естібаевтың төрағалығымен өткен кезекті апталық жиынның күн тәртібіндегі негізгі мәселенің бірі осы ауыл-аймақтағы санитарлық тазалыққа арналды.
Жиын барысында, аудан әкімдігі аппараты инспекторларының округтерді аралау барысында санитарлық тазалыққа қатысты анықталған кемшіліктері талданды.
Аудан басшысы бұл бойынша ауыл әкімдеріне нақты мерзім белгілеп, тез арада ретке келтіруді тапсырды. Заңсыз көше бойына қоқыс пен құрылыс заттарын және қураған ағаш бұталарын тастаған тұрғындарға ескерту жасап, ескертуден кейін, тәртіпке көнбесе полиция қызметімен бірлесіп Заң аясында айыппұл салу керектігін ескертті.
Айта кетерлік, жыл басынан бері көше бойына заңсыз құрылыс заттарын және басқа да қоқысты тастаған 107 азаматқа ескертуден кейін хаттама түзіліп, айыппұл салынған.
Бұдан бөлек, аппараттық жиында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, аймақтағы көрнекі үгіт-насихат құралдарының қазіргі жағдайы қаралды.
Өткен жылы ауданда облыстық салалық басқармадан бекітілген жоспарға сәйкес, 1500 гектар жер ортақ жайылымға қайтарылу керек болатын. Жоспар артығымен орындалып, нәтижесінде халық игілігіне 2100 гектер жер қайтарылған. Биылғы жылы 3000 гектар жерді қайтару жоспарлануда.
Осы бағыттағы жұмысты барынша жандандыруды тапсырған Асқар Сұлтанұлы, пайдаланылмай жатқан жерлерді түгендеу бойынша тиісті жұмыстар атқаруды жауапты бөлім басшысына жүктеді.
Сонымен қатар, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында картоп, пияз, сәбіз қорын жасақтап, оны сақтау бойынша қойма иелерімен келісім жасау керектігін ескертті.
Елді мекендердегі ескірген көрнекі үгіт-насихат құралдарын жаңарту бойынша нақты тапсырмалар жүктеп, айыл-аймақтағы құлайын деп тұрған нысандарды түгендеп, тозығы жеткен жеке үй және т.б. нысандарды реттеу бойынша иесіне түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.
«Ұлттық жоба» шеңберінде ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Ағымдағы жылдың 11 — ақпаны күні, Түлкібас аудандық Мәдениет үйінде «Ұлттық жоба» шеңберінде ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге Түлкібас ауданы 26 мекемеден 65 бос жұмыс орны, Қоғамдық жұмыстарға 44 мекемеден 114, жастар практикасына 123 мекемеден 231, күміс жас бағдарламасымен 52 мекемеден 95, әлеуметтік жұмыс орындарына 52 мекемеден 94 жұмыс орындары ұсынылды.
Толық ақпаратты: «Түлкібас аудандық мансап орталығы» филиалынан біле аласыз.
Түлкібас ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің әдіскері Ғ.Шалбаев Сәкен Сейфулин атындағы ЖББМ мектеп 11-сынып оқушыларына «Серпін-2050» мемлекетік бағдарламасын түсіндіру мақсатында кездесу өтіп, брошюра таратылды.
Бағдарлама мақсаты — халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру.
«Серпін» бағдарламасымен грант негізінде оқуға түскен студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі және оқу бітірген соң жұмысқа тұруға университет ықпал жасайды.
Серпін бойынша оңтүстік өңірлердің биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, әртүрлі деңгейде ұпай жинаған барлық бітіруші түлектер, сонымен қатар кешенді тестілеуден өткен колледж түлектерінің де, мектепті бұрынырақта бітірген жастарға да пайдалануына толықтай мүмкіндігі бар екені айтылды .