Ордабасы ауданында 84 отасы баспаналы болды

0
23
Бүгін Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекенінде жаңадан бой көтерген Самал мөлтекауданынан 3 қабатты тұрғын үйлер пайдалануға тапсырылды. Кезекте тұрған 84 отбасына пәтер кілттері табысталып, қоныстойы тойланды.
Іс-шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Азат Оралбаев тұрғындарға жылы лебізін жеткізіп, пәтер кілттерін табыс етті.
– Қасиетті Рамазан айында игілікті жаңалықтар болып жатыр. Мемлекет басшысы тапсырмасымен, облыс басшылығының қолдауымен бүгін өздеріңізге баспана беріп, қуаныш сыйлаудың сәті түсіп отыр. Қоныс құтты болсын! – деді аудан әкімі.
Жалпы Ордабасы ауданы бойынша тұрғын үй кезегінде 2803 азамат тіркелген. Кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамту мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді.