Сара Назарбаева қайтыс болды ма?

«БАҚ тарапынан келіп түскен көптеген сауалға жауап ретінде, Қазақстан Республикасының бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызы қазіргі уақытта ауруханада ем қабылдап жатқанын мәлімдеймін. Оның қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп жазды Үкібай әлеуметтік желідегі X-парақшасында.
Айта кетейік, Сара Назарбаева қазіргі уақытта Президент Іс басқармасының Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде ем қабылдап жатқаны белгілі болды.