БАӘ президенті Путинмен ғарыш және энергетика саласындағы ынтымақтастықты талқылады

0
2

Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Ресейге ресми сапармен келді.
Оның ұшағы Мәскеудің Внуково әуежайына қонғаны атап өтілді. БАӘ басшысын Мемлекеттік Думаның халықаралық істер жөніндегі комитетінің басшысы Леонид Слуцкий, премьер-министрдің бірінші орынбасары Денис Мантуров және Ресей тікелей инвестициялар қорының (RDIF) бас директоры Кирилл Дмитриев қарсы алды.
Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Мәскеуде өткен келіссөздер барысында Ресей лидері Владимир Путинмен екі ел арасындағы экономика, сауда, инвестиция, ғарыш және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

«Мәртебелі шейх Мұхаммед бен Заид пен Мәртебелі Путин БАӘ мен Ресей арасындағы, атап айтқанда экономика, сауда, инвестиция, ғарыш және энергетика салаларындағы, сондай-ақ басқа да салалардағы ынтымақтастықтың барысын қарастырды», — делінген материалда.

Ведомствоның хабарлауынша, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту мен нығайтуға бағытталған басқа да салаларға қатысты мәселелер де талқыланды.

Сол күні БАӘ президенті Ресей басшысымен кездесуінде Ресей мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы тауар айналымының көлемі 11,5 миллиард долларға жеткенін айтты.

БАӘ президенті сондай-ақ алдағы бес жылда елдер арасындағы тауар айналымының көлемі екі есеге артады деген үмітін білдірді. Оның айтуынша, Ресей мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қарым-қатынас соңғы жылдары жедел қарқынмен дамып келеді.

«Біз байланыстарды жоғары саяси деңгейде ұстап отырмыз, сауда саласында да, инвестиция саласында да экономикалық байланыстар дамып келеді. Өзара инвестиция көлемі артып келеді», — деді Путин.

Сонымен қатар, Ресей басшысы БАӘ-ді Ресей Федерациясымен қарым-қатынасқа үлкен мән беретін достық ел деп атады. Ол мемлекеттер арасындағы гуманитарлық ынтымақтастық, оның ішінде білім беру саласындағы да жақсы деңгейде екенін атап өтті.

«Бізде гуманитарлық ынтымақтастық жақсы деңгейде, мен білім мен мәдениет саласындағы байланыстарымызды айтамын», — деп қосты Путин.