Израиль Египетке 130 миллиард текше метр газ береді

Израиль Египетпен келісімге қол қойды, оған сәйкес Араб Республикасына құны 35 миллиард доллар болатын 130 миллиард текше метр табиғи газ жеткізіледі. Бұл туралы 7 тамызда Израиль премьер-министрі кеңсесінің кеңесшісі Дмитрий Гэндельман мәлімдеді.
Ол бұл келісім Израиль тарихындағы ең ірі экспорттық құжат екенін атап өтті. Оған сәйкес, NewMed Energy 2040 жылға дейін Израильдің Левиафан кен орнынан Мысырға белгіленген газ көлемін экспорттауы керек.
«Жеткізу екі кезеңде жүзеге асырылады: бірінші кезеңде биылдан бастап шамамен 20 миллиард текше метр жеткізіледі; екінші кезеңде Левиафан платформасын кеңейту аяқталғаннан кейін тағы 110 миллиард текше метр жеткізіледі», — деп атап өтті Гэндельман Telegram-каналында.
Қол қойылған құжат елдер арасындағы әріптестікті айтарлықтай кеңейтеді және кем дегенде 2064 жылға дейін ұзақ мерзімді энергетикалық инфрақұрылым үшін негіз болады. Жерорта теңізі қайраңындағы Левиафан газ кен орнында 600 миллиард текше метрге дейін табиғи газ бар, деп қосты Гендельман. Мысыр Израиль мен палестиналық Хамас қозғалысы арасындағы келіссөздерде делдал ретінде әрекет етуде. 14 сәуірде Мысырдың мемлекеттік ақпарат қызметінің басшысы Дия Рашван атап өткендей, Каирдің Тель-Авив өкілдері мен палестиналық топ арасында арағайындық жасау әрекеті оң әсер етіп, Газа секторында тез арада атысты тоқтатуға мүмкіндік берді.