Чемпион еліміздің атын аспандатты

0
99

 

 

 

Бүгінде шардаралық қол күресшілердің атақ даңқы жер жарып тұр. Аталған спорт түрінен ауданда мектеп қалыптасып үлгерді. Жақында Түркия елінің Ыстамбұл қаласында қол күрестен Шығыс пен Батыс спортшылары арасындағы East vs West 11 жекпе-жек сайысы өтті. Аталған сайыста Қазақ елінің намысын қорғаған Нұрдаулет Айдархан әлем чемпионы Грузия елінің спортшысы Вала Ичкитиге қарсы 3-1 есебімен жеңіске жетіп еліміздің абыройын асқақтатты. Шардара ауданының сайыпқыраны әлемде мықты екенін дәлелдей білді.

 

 

Түркия елінен жеңіспен оралған Нұрдаулетті, Шардара Армспорт ұжымы қошеметпен қарсы алды. Іс шара барысында Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айдаров Еркебұлан және спорт ардагері Халықов Руслан Нұрдаулетті жеңісімен құттықтап, ел абыройын әрқашан асқақтата беруін тіледі.

» Елдің атын ер шығарады,

Ердің атын ел шығарады.»- демекші

Тек Шардараның ғана емес, бүкіл Қазақ елінің қуанышы болған Нұрдаулеттің жеңісі, өскелең ұрпаққа өнеге болары сөзсіз. Шардара Армспорт ұжымы атынан Нұрдаулетті жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта бұданда үлкен жетістікке жете беруіне тілектестік білдірді. Бұдан кейін Түркістан облысына қарасты Шардара ауданының  әкімі Арман Қарсыбаев Нұрдаулет Айдархан мен жаттықтырушысы Нұржан Төреқұловты жеке қабылдап, жарқын жеңістерімен құттықтады.

«Сіздер Шардараның ғана емес, еліміздің намысын қорғап, әлем алдында мәртебемізді көтердіңіздер.

Бұл жеңіс спортшы мен жаттықтырушының маңдай тері және мемлекеттің спорт саласына деген қолдауының арқасы деп білемін.

Алдағы уақытта дүниежүзінің алдында еліміздің абыройын асқақтатып, биік шыңдарды бағындыра берулеріңізге сенім білдіремін. Аудан халқы атынан алғыс айтамын»- деді Арман Романұлы.

Аудан басшысы спортшы мен жаттықтырушысына Алғыс хат пен естелік сыйлық тапсырып, жылы лебізін білдірді.