Жарыс тартысты өтті

0
115

 

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық “Жастар ресурстық орталығы” Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жастар ісі жөніндегі әдіскері Серікбай Бақдаулеттің ұйымдастыруымен, Қазығұрт ауылы округіне қарасты “Қ.Сәтбаев” атындағы мектеп-лицейінде волейболдан турнир болып өтті.

Мақсаты: Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, достық қарым-қатынасты нығайту, жастардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру болып табылады. Аталмыш жарысқа аудандағы мектептерінен 15 команда қатысып, өз бақтарын сынады, жарыстың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан спортшылардың спортқа деген құлшынысын ойын барысында көрсетті. Кіл мықтылардан жасақталған команда ойыны өте тартысты өтті. Барлығы да жеңістен үмітті болды. Дегенмен жарыстың аты жарыс.

Тартысты ойында, топ жарып төрден орын алған командалар, марапатқа, қаржылай сыйлықтарға ие болды.

Жарыс қорытындысына сәйкес; “Қазығұрт” командасы , “Қаржан” командасы

“Қазығұрт” командасы иеленді. Жарыс жоғары деңгейде, әрі өте тартысты өтті. Сондай-ақ ерекше ойын өрнегімен көзге түскен ойыншыларға арнайы алғыс хаттар, номинациялар табысталды. Алдағы уақытта осы тақылеттес жарыстар легі жалғасын табатын болады.