Киелі Сауран

0
137

 

Ұлт руханиятында киелі ұғымға айналған «Сауран» атауының Түркістан облысында құрылған жаңа ауданға берілуі негізді. Орта ғасырлық тарихи Сауран Ұлы Жібек жолының бойында ораналасқан және ежелгі біздің Түркістан ұғымымен тығыз байланысты. Сауран-ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған. ХІІ ғасырда орта шенінде Сауран Ақ Орданың астанасы болғаны тарихтан белгілі. Қазақ тарихында Сауран атауының алар орны ерекше. ХІІ ғасырда іргетасы қаланып,осындай тарихи маңызға ие Сауран атауының Түркістан облысындағы жаңа ауданға берілуі тарихи шешім болды. Сонымен қатар, Сауран ауданы — тарихи туризмнің негізгі қалыптасқан рухани құндылықтарымен ерекшеленетін өңір болып саналады. Сауран ауданы археологиялық және тарихи мәдени ерекшеліктер орталығы көп шоғырланған өңір. Аудан териориясы облыс орталығына жақын орналасқандықтан ауданның ішкі туризмін дамытуға мүмкіндік зор. Өйткені, әлем туризмі тарихи бағытқа назар салуда. Тарихи мұра обьектілерін дамыту басты назарда тұрған шақта бұл тамаша бастама.  Бұл мәселе бойынша облыстан арнайы Сауран ауданындағы ескерткіштерге туристік маршрут ашу, осы сала бойынша жұмыстар атқарып, аудан эканомикасын көтеру мәселелерін де қарастыруда. Сондықтан да Сауран ауданының халқы, баянды өмір сүруде.

Шорнақ ауылдық округінің «Т.Айтжанов» жалпы орта мектебінің 11 «а» сынып оқушысы Темірбек Ақбаян