Сұрмергендер сайысқа түсті

Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл. Осыған орай, бүгінде Түркістан облысына қарасты барлық аудандарда спорттық шаралар өткізілуде. Жуырда Кентау қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен барлық білім мекемелерінен жинақталған мерген қыздар арасында мылтық атудан әскери-спорттық сайыс өткізді. Әскери спартакиада тек студенттер арасында ғана емес, Кентау қаласындағы барлық оқу орындарынан келген мерген қыздар арасында өтіп жатқаны тамаша. Мұндай іс-шаралар қатысушылардың дене дайындығын, дәлдігі мен мергендігін дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, олар әскери спорт пәндеріне және жалпы әскери қызметке белсенді қызығушылықты сақтауға көмектеседі. Байқауға қатысушыларға бұл іс-шараларға қатысу қызықты және пайдалы болғаны сөзсіз. Жастардың бойында отансүйгіштік, спорттық шеберлік пен кәсіби шеберлікті арттыруға септігін тигізетін осындай жарыстарды өткізіп жатқан ұйымдастырушыларға мың алғыс. Жас ұрпақты қоғам өміріне белсене араласуға баулитын осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын тапса дейміз.
Сайыстың ашылу салтанатына қатысқан Ауған соғысының ардагері Мусаев Әлімжан жастарға сәттілік тілеп, елдің батырда батыл патриоттары болуға шақырды.
Пневматикалық мылтықтан ату және қаруды толық емес бөлшектеу және жинақтау бойынша мерген қыздар сынға түсіп, өз шеберліктерін көрсетті. Сайысқа Кентау қаласының білім бөліміне қарасты мектеп оқушылары 7-8 және 9-11 сынып оқушыларынан құралған екі топ сайысқа түсті. Пневматикалық винтовкадан ату жарыстары мен қаруды жартылай бөлшектеу және құрастыру сайысында мергендер қатысып, өз өнерлерін көрсеткені тамаша. Мұндай іс-шаралар олардың оқ ату жаттығулары саласындағы шеберліктері мен қабілеттерін көрсетуге көмектеседі.
Әр түрлі сыныптардағы екі топ оқушыларының қатысуы қызықты бәсекелестік орта құруға мүмкіндік береді және әрбір қатысушыға өз мүмкіндіктерін анықтауға және өз жетістіктерін көрсетуге көмектеседі. Мұндай жарыстар да қатысушылардың дамуына түрткі болып, спорт пен әскери-тактикалық өнерде жаңа белестерге ұмтылуға итермелейді.
Ұйымдастырушыларға жас мерген қыздар өздерінің кәсіби дайындықтары мен техникалық шеберліктерін көрсете алатын алаң құрғаны қуантады. Бұл қоғамдық және спорттық іс-шараларға тамаша қосымша болып, жастардың осындай іс-шараларға қызығушылығын арттыруға көмектеседі.
Жарыстың қорытындысы бойынша, 7-8 сыныптар арасында I орын URKER менктебінің оқушысы Ирода Камилжанова, II орын Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектебінен Айгерім Пәтілда, III орын URKER мектебінің оқушысы Малика Хайруллаева мен А.Пушкин атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Н.Бостанова өзара бөлісті.
Ал, 9-11 сыныптар арасында I орынды №1 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп лицейінің оқушысы Сабина Ергешова, II орын Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектебінен Жаннур Мейрамбек, III орын А.С.Пушкин атындағы мектебінен Ш.Пернехан мен Т.Рысқулов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Аделя Бекбергеноваға бұйырды. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және медальдерімен марапатталды.