ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕТІН БОЛАШАҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ БАР

0
101

Қазақстан Республикасының Президенті өз Жолдауларында Еліміз дамыған мемлекеттер қатарына қосылуы үшін бірінші кезекте цифрлық технологияларды барлық салаға ендіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларында сандық технологияларды молынан енгізе отырып сол арқылы салаларды автоматтандыру, сөйтіп жоғары өнімділікке, үнемділікке, сапалылыққа қол жеткізу қажеттігін атап айтып келеді. Әлемдік дамуда соңғы жылдары «жасанды интеллекттің» алатын орны мен маңызы да артып отыр. Соған орай еліміздеайти және сандық бағдарламалармен жұмыс жасау, жасанды интеллект арқылы озық технологиялық жетістіктерге қол жеткізу қажеттігі артып келеді.
Осыған орай, бүкіл елімізде оның ішінде осы салаларға бейім мамандарды даярлау, ол мамандықтарды насихаттау мен түсіндіру, жасанды интеллектке қызығушылықты арттыру бағытында жұмыстар жандана бастады.
Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен Turkistan hub «Жасанды Интеллект: Бүгінгі әлемді өзгертетін болашақ технологиялар» туралы workshop өткізді. Оның мақсаты — әлемдік қарыштап дамуға ілесу үшін, мемлекетіміздің болашаққа батыл енуі үшін қазақстандықтардың озық технологияларды танып білуіне көмектесу. Бұл әлемнің болашағын өзгертетін сала болғандықтан да оған ерекше назар аударылуда.
Сондықтан да бұл шеберлік сағатына 20-ға жуық адам қатысты. Мастер класта жасанды интеллект арқылы чат-бот жасау, трендпен жұмыс, жасанды интеллект арқылы шетел тілдерін жаттау туралы толық түсіндірілді. Сонымен қатар мастер класс соңында сұрақ-жауап ойындары болып, түрлі сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, бұған дейін telegram-ның шексіз мүмкіндіктері туралы воркшоп көптің қызығушылығын тудырған болатын. Ендігі кезек, шетелге оқуға түсу жолдарын түсіндіретін кездесу өткізу жоспарлануда.
Мұндай озық технологияларды игеріп, меңгеру, жасанды интеллектті пайдалана білу мемлекетіміздің экономикалық, өндірістік, басқа да салалар бойынша қарқынды дамып, өркениет көшінен қалып қоймауына жол ашады.