ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ҰЛТТЫҚ РУХАНИ РЕҢККЕ ТОЛЫ БОЛДЫ -1

0
58

Мемлекеттің іргетасының беріктігі, оның азаматтарының рухани деңгейінің биіктігіне де байланысты. Мемлекеттің болашағы жарқын болуы үшін мәдени-өнер, руханият пен отаншылдықты қалыптастыру маңызды. Ал ол өнер мен мәдениет арқылы жүзеге асырылады.
Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры кезекті XXV мерейтойлық маусымға дайындық жұмыстарын бастады. Жазғы демалыстан оралған театр ұжымы іске қызу кірісті.
Маусым шымылдығы театрдың төлқұжатына айналған, режиссер Райымбек Сейтметов сахналаған «Көк түріктер» тарихи драмасы ашады деп жоспарлануда.
Жаңа маусым қарсаңында белгілі режиссер, Ұйғыр театрының көркемдік жетекшісі Фархадбек Канафин арнайы шақырылды. Тың бағыттағы жаңа қойылым сахналауға ұсыныс жасалды. Қазіргі таңда режиссер дайындық жұмыстарын жүргізуде. Алдағы уақытта театр қоржыны бірқатар премьерамен толықпақ.
Сол сияқты Түркістан қаласында «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Келес ауданының мәдени күндері өтті. Екі күнге жоспарланған бағдарлама ұлттық құндылықтарға толы. Мерекелік шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, қоғам қайраткері Әлихан Байменов, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Нұрлан Қоянбаев бастаған өнер адамдары қатысып, тамашалады.

Ісшара Этноауыл кешенінен бастау алды. Алдымен мұнда келушілерге ұлттық сусындар ұсынылды. Қонақтар Келес ауданының қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалады. Бұдан бөлек, ұлттық салт-дәстүрлер көріністері сахналады. Қылқалам шеберлері мен кітап көрмесі жасақталды. Ауданда өндірілетін тауарлар көрмесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ұлттық тағамдар ұсынылды.

(жалғасы бар)