ҚАЖЕТТІ МАМАНДАРДЫ ДАЙЫНДАУҒА ПОТЕНЦИАЛ ЖЕТКІЛІКТІ

0
122

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қаладағы беделді оқу орындарының бірі Кентау көпсалалы колледжінде болды. Онда білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысып, колледж ұстаздарымен кездесті. Ондағы мақсат оқу орнынан білім алған студенттерді еңбекке баулу, нағыз мамандарды оқытып, даярлап шығару болып табылады.

«Кентау – қиындықтан тайсалмайтын, еңбектен жиренбейтін нағыз еңбекқор, отансүйгіш, ел мен жердің абырой-беделі үшін тау қопарып, тас тескен елжанды еңбек майталмандарының қалашығы, әлеуеті мықты кадрлар ұстаханасы деп аталған қала. Өзімізде бар мүмкіндікті пайдаланып, қажетті мамандарды тәрбиелеуіміз қажет», деді қала басшысы.

Қаладағы №5 Жылу орталығы мен колледж арасында келісім бар. Кездесуде оқу орынның студенттері №5 Жылу орталығынан тәжірибеден өтіп қана қоймай, сол мекемеге жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері бары айтылды. Осы колледжді әр кезеңде бітіріп шыққан талай мамандар бүгінде аталмыш мекемеде абыроймен жұмыс жасап жүр.

Қала басшысы оқу орынына қажетті көмектерге қолдау көрсетуге әзір екенін атап өтті.

Кентау көпсалалы колледжі техникалық және кәсіптік білім беруді жүзеге асыратын бірден-бір оқу орны. Еліміздің инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруға өз үлесін қосып жүрген, республикалық деңгейдегі үздіктер қатарында. Өйткені колледжде заманауи ғылым жетістіктері мен электрондық, цифрлық салалардағы технолоияларды, жалпы өндірістегі жетістіктерді тиімді пайдалана біледі. Сол озық тәжірибелер мен жаңашылдықтарды білім орнында дәріс алушы жастарға үйрету арқылы олардың өз мамандықтарын заман талабына сай меңгеріп шығуын қамтамасыз етеді.

Түркістан облысы бойынша колледж «WorldSkills Turkistan» чемпионатынан 4 жыл қатарынан бірінші орында келеді. 60 жылдық тарихы бар Кентау көпсалалы колледжі ең білікті мамандарды даярлау бойынша Түркістан облысындағы ең үздік колледждердің бірегейі. Бұл байырғы арнаулы оқу ордасынан білім алған жандардың басым бөлігі өзінің мамандығының майталманына айналған. Олар облыс аумағындағы, Кентау, Ащысай өндірістік кәсіпорындарындағы мекеме, цехтарда өздерінің колледж қабырғасында алған білімдері мен тәжірибелерін пайдалана отырып жемісті жұмыс жасап жүр.

Қазіргі таңда Кентау көпсалалы колледжді заманауи оқу материалдық базасымен: үш оқу корпусы, 30 оқу кабинеті, 13 зертхана, 9 шеберхана, 12 оқу дәрісханалары, соның ішінде 7 компьютерлік класы, әдістемелік кабинет, кітапхана, 80 орындық оқу залы, спорт зал, жаттығу залы, 70 орындық асхана, 150 орындық жатақхана, слесарлық механикалық электр монтаждау шеберханаларымен жабдықталған.

Қазіргі таңда оқу орында 12 мамандық бойынша, 1000-ға жуық студент білім алуда.

Кентау қалалық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен, орта арнаулы оқу орындары және қала тұрғындарының қатысуымен, “Мен таңдаған мамандық” тақырыбында мемлекеттік бағдарламалар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Аталған жәрмеңкеде мемлекеттік бағдарламаларға кеңінен насихат жұмыстары жүргізілді. Ол бағдарламалар бойынша әрбір жас көптеген жеңілдіктермен мамандық алып, жұмысқа тұрып, өзінің болашағын жасақтай алатындығы айтылды. Мемлекеттің Жастар саясаты мен жастарға арналған бағдарламаларының басты мақсаты жас ұрпақтың жан-жақты дамуы, мамандық алуы, жұмыспен қамтылуы және лайықты өмір сүруі міселелерінде жастарға қолдау білдіру, бағыт беру болып табылады. Әр колледж қызметкерлері түрлі мамандықтар бойынша қысқаша мағлұмат беріп, өздерінің туындысын жастар назарына ұсынды. Бұл мемлекеттік бағдарламалар жәрмеңкесі өңір жастарына дұрыс, сұранысқа ие мамандықтар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жастардың қажетті ді бүгінгі таңда сұранысқа ие мамандықтарды таңдауына көмектесу болып табылады.