АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ

Мемлекеттің ана мен балаға жасап отырған қолдауы мен қамқорлығының арқасында еліміздің демографиялық ахуалы жақсарып келеді. Өйткені, мемлекет тарапынан ана мен балаға көптеген жеңілдіктер мен жәрдемақы, төлемдер ұарастырылған. Ал көпбалалы отбасыларына арнайы жеңілдіктер және бар. Түркістан облысы еліміздегі туылып жатқан сәбилердің төрттен бірінің дүние есігін ашатын өңірі болып табылады. Сол себепті де мұнда көпбалалы аналар басқа өңірлерден анағұрлым көп.
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов алтын құрсақты аналарды қабылдады. ҚР Президентінің жарлығымен «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыстады.
Қала басшысы өз сөзінде батыр аналарға еліміздегі демографиялық дамуына үлес қосқандарына айрықша алғыс білдіріп, қоғамдағы ана мен баланың рөлі өте маңызды екенін атап өтті.
Әр шаңырақтың ұйтқысы, берекесін еселеп жүрген аяулы аналардың қоғамдағы орны бөлек. Олар Тәуелсіз елдіңжарқын, айбынды ұрпағын тәрбиелеуде. Мейірімге толы шарада құрметке бөленген аналар ризашылықтарын білдірді.
Қалада жалпы 1625 көпбалалы ана бар. Батыр аналарымыздың 491-ы «Алтын», 1060-і «Күміс алқа» иегерлері. Сондай-ақ «Батыр ана» 26, «Ардақты ана» 1,2 дәрежелі 48 ана бар.