ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

0
61

«Қуатты өңірлер – Ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының мақсатын республикамыздың барлық өңірлерінде әлеуметтік-экономикалық дамуға қарқын беріп, сол арқылы еліміздің дамуының деңгейін көтеру болып табылады. Ұлттық жобаны жүзеге асыруда көптеген мемлекеттік бағдарламалар іске қосылған. Сол бағдарламалар бойынша әсіресе, ауылды жерлерде бүгінде құрылыс нысандары көптеп салынып жатыр.

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округіне арнайы жұмыс сапарымен барып, Жылға елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаторияның және Шымырбай елді мекеніндегі фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Алдымен аудан басшысы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бастау алған Шымырбай елді мекеніндегі фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылыс жұмыстарын саралау барысында мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарын жоспарға сәйкес мерзімінде жіне сапалы аяқтауды тапсырды.

Қазіргі таңда, ғимараттың қабырғасы қаланып, ішкі бөлу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс алаңында жалпы 8 жұмысшы жұмыс атқаруда.

Келесі кезекте аудан әкімі Жылға елді мекенінде салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарының барысын бақылап, мердігер мекеме өкілімен кездесті. Бүгінде мердігер мекеме тарапынан ғимараттың қабырғасын қалау, сонымен қатар арнайы плита жабындысы жабылуда. Жалпы 11 жұмысшы құрылыс жұмыстарына жұмылдырылған.

Құрылыс алаңында болған аудан әкімі медициналық нысанының ауыл үшін маңызы зор және оның сапалы салынуы басты шарт екенін айтып өтті. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының уақытылы жүргізілуін қатаң бақылауда ұстау керектігін ескертіп, тиісті бөлім басшысына осы жұмыстарды үнемі назарда ұстауды жүктеді.

Сол сияқты аудан әкімі Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округі Шымырбай елді мекеніндегі №41 Асанов атындағы жалпы орта мектебіне жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстарының сапасын да бақылады.

Аудан басшысы жөндеу жұмыстарын бақылап, білім беру ордасының басшылығына және мердігер мекемеге өкіліне мектеп ғимаратына жүргізілген жөндеу жұмыстарына пайдаланылған құрылыс материалдарының сапасы бойынша бірқатар ескертпелер атап өтіп, атқарылған жұмыстардың нәтижесі қанағаттандырылықсыз жағдайда екенін ескертті.

Айта кетсек, мектеп ғимаратына ішкі әрлеу-сырлау, электр жүйесін ауыстыру, жылу жүйесін және шатырын ішінара ауыстыру жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, 2 сынып бөлмесінің едені ауыстырылып, мектеп дәлізі қалпына келтірілген.

Келесі кезекте аудан басшысы Шеңгелді және Жылға елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан газ құбырларын тарту жұмыстарына жауапты мердігер мекеме өкілімен кездесіп, құрылыс жұмыстарының мән-жайын талқылады.

Құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан аудан басшысы жауапты бөлім басшысы мен мердігер мекеме өкіліне бірқатар тапсырмалар жүктеп, құрылыс жұмыстарын мерзімінде және сапалы аяқтауды жүктеді.

Жылға ауылдық округіне арнайы жұмыс сапары барысында  аудан әкімі Жылға елді мекенінде «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасы аясында бой көтеріп жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Қазіргі таңда, нысанның ішкі қабырғалары қаланып, ішкі электр жүйелерін тарту және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, ғимараттың еденіне кафельдер жабыстыру және ішкі кәріз жүйесі, сыртқы сэндвич панель орнату жұмыстары жүргізілуде.

Атқарылған құрылыс жұмыстарын саралаған аудан басшысы жұмыс қарқынын күшейте отырып, құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізу керектігін ескертті, сондай-ақ, ауыл әкімі мен жауапты бөлім басшысына жұмыс барысын баяндап отыруды тапсырды.