ПАРАКАНОЕ ЕСУДЕН ЕЛІМІЗДІҢ КУБОГІ ҮШІН ЖАРЫС ӨТУДЕ

0
72

Мемлекет басшысы елімізде азаматтардың денсаулыңын нығайту мақсатында бұқаралық спортты барынша дамытуды тапсырды. Сол сияқты мүгедектігі бар азаматтардың да қоғамнан тыс қалмай, өздерін қоғамның толыққанды мүшелері ретінде сезінуіне де жағдай жасалуын тапсырған болатын. Түркістан облысында бұқаралық спортты дамыту мен мүмкіндігі шектеулі адамдарды спортқа тартып, бейімдеу бойынша нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Облыста сол сияқты жастардың спортқа ұызығушылығын туғызу мен теріс жолға түсіп кетпеуін, қылмыстық жолдан бас тартып спортпен достасуын насихаттау бағытында да іс-шаралар жасалынуда.
Түркістан қаласында жаңа ескек есу арнасында параканоэда есуден (тірек-қимыл аппараты зақымдалған адамдарға арналған ескек есу түрі) Қазақстан Республикасының ашық кубогы жалауын көтерді. Жарыстың салтанатты ашылуында Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айдос Қалтаев пен Халықаралық байдарка және каноэда есу федерациясының (ICF) вице-президенті, спорттық басқару профессоры Сесилия Фариас құттықтау сөз сөйлеп, сайысқа қатысушы спортшыларды құттықтады.
Параканоэ спорты Паралимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген. Бәсекеге еліміздің 5 өңірімен қатар көршілес Өзбекстаннан келген 100-ден аса спортшы қатысып, бақ сынауда. Алғашқы күнгі жарыс жолына шыққан спортшылар арасында Түркістан облысының атлеттері мәре сызығын бірінші кесіп, өздерінің мықтылықтарын көрсетуде.
Жарысты ҚР Туризм және Спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ескек есу және желкенді спорты қауымдастығы, Облыстық су спорт түрлері мектебі өткізуде. Түркістан – Қазақстандағы параканоэ спортын дамытқан алғашқы өңір. Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ескек есу және желкенді спорты қауымдастығының төрағасы Денис Жәрменовтың бастамасымен 2017 жылы алғаш рет параканоэ спорты Түркістан облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде қолға алынып, дпмытыла бастады.
Түркістандық параканоэшылар еліміздің ұлттық құрамасының негізгі құрамын құрайды. Өңіріміздің параатлеттері 8 жыл ішінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтсақ: Жалғас Тайкен, Бибарыс Спатай, Жаныл Балтабаева сынды дарынды өрендер Паралимпиада ойындарында ел намысын қорғады.
Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану және қылмыс пен құқықбұзушылыққа жол бермеу мақсатында Сарыағаш ауданындағы пробация қызметінің есебіндегі жастардың қатысуымен «Жастар және қоғам» тақырыбында ұлттық және бұқаралық спорт түрлерінен сайыс өтті.
Сайысқа 6 команда қатысып, арқан тарту, гір тасын көтеру, ләңгі тебу және футбол түрінен өзара сынға түсті.
Сайыс нәтижесі бойынша:
I орын «Сұңқар» командасы,
II орын «Бүркіт» командасы,
III орын «Намыс» командасы иеленді. Жеңімпаз командалар мен үздік ойыншыларға арнайы алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табысталды.
Аталмыш сайыстың ашылуында сөз алған Сарыағаш аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Н. Аширов және «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.Отаров жарысқа қатысушы жастарды ұдайы спортпен айналысуға, құқықбұзушылыққа жол бермеуге шақырды.
Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы аясында Төлеби аудандық пробоция қызмет бөлімімен бірлесе «BАGLAN-GROUP» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен аудан көлемінде пробация қызметінің есебінде тұрған және түзеу мекемелерінен босатылған азаматтар арасында спортың кіші футбол түрінен арнайы жарыс ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шараға жалпы 4 команда қатысып, нәтижесінде:
І – орын Қыран командасы;
ІІ – орын Талап командасы;
ІІІ – орын Арлан командасы ие болып, жеңімпаз командаларға арнайы кубок, диплом және ынталандыру сыйлықтары табысталды.