АУДАН ӘКІМІ: «ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАРЫСЫНДА ҰСАҚ-ТҮЙЕКТІҢ БӘРІ ЕСКЕРІЛУІ ҚАЖЕТ!»

Түркістан облысының әкімі Мемлекет басшысының жолдауларында алға қойылған міндеттер мен берілген тапсырмаларды жоспарлы түрде орындауды жүйелі түрде қадағалап, қала, аудан басшыларынан нәтижелі жұмысты талап етіп отырады. Аудан басшылары да жұмыстың дер кезінде сапалы орындалуын бақылап, кемшіліктер орын алса дер кезінде жойып, жұмыстың сапалы орындалуын ұйымдастырады. Аудандағы жұмыссыздықты азайту, инфрақұрылымдармен тұрғындарды қамтамасыз ету сияқты мәселелер де жергілікті әкімдердің назарындағы шаруалар.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласында жүргізіліп жатқан кәріздік тазарту қондырғысының құрылыс жұмыстарына арнайы барып, жай-күйімен танысты.
Құрылыс барысымен танысқан аудан әкімі тиісті бөлім басшысы мен мердігер мекеме өкіліне құрылысты жүйелі түрде жүргізіп, сапалы аяқтауды тапсырды.
— Кәріздік тазарту қондырғысын салу қаланың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалын жақсартады. Алдағы уақытта қаланың дамуын ескеретін болсақ, көп қабатты тұрғын үйлердің кәріз жүйесіндегі мәселелерді шешуде нысанның орны маңызды. Сондықтан, құрылыс жұмыстары барысында ұсақ-түйектің бәрі ескерілуі қажет.,-деді аудан әкімі.
Қазіргі таңда,нысанның биореактор қабырғалары тұрғызылып, судың шығу құбыры (отводящие) диаметр 280 ПЭТ жерді қазып 10,8 шақырымға орнатылған. Электр желісі тартылып, кәріздік тазарту ғимаратының құрылғыларын жинақтау жұмыстары мен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс жұмыстарының барысын саралаған аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне құрылыс нормативтерін сақтай отырып,сапалы және мерзімінде аяқтауды, сондай-ақ салаға жауапты орынбасарына М. Байгабуловқа ауданның тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысы А. Құрбановқа жұмыс барысын баяндауды жүктеді. Осы орайда, өзінің жіті бақылауында болатынын ескертті.
Сондай-ақ, Сарыағаш ауданында «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп келеді. 2024 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 5 сала негізінде 6 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
«Сарыағаш аудандық мансап орталығы» филиалы ұйымдастыруымен өткен жәрмеңкелерде 348 бос жұмыс орны ұсынылған. Сондай-ақ 85 жұмыс беруші мен 332 тұрғын қатысты.
Нәтижесінде жұмыс іздеп келген азаматтардың 48-сы тұрақты жұмыспен қамтылып, 11-і Ұлттық жобалар шеңберінде ЭЕБ арқылы уақытша жұмыс орындарына жолданды. Жәрмеңкелер тек жұмыс іздеушілер үшін ғана емес ақпараттандыру көзіне айналып, жұмыспен қамту заңнамалары бойынша түсіндірмелер берілуде. Өйткені буклеттер, жаднамалар және басқа да ақпараттық материалдар таратылып, мағлұматтар беріледі.
Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласының көшелерін электр жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысының мән-жайын саралады.
Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан басшысы мердігер мекеме басшысына анықталған кемшіліктерді түзетіп, құрылысты сапалы аяқтап, белгіленген уақытта халық игілігіне берілуін тапсырды.
Қазіргі таңда, мердігер мекеме «Андас-групп» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары бастау алып, 120 дана электр бағаналары орнатылуда.
Айта кетсек, қала тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, Созақ, Т.Көкебайұлы, М.Өскенұлы, Х.Саудашев, Р.Мұсабекұлы, Б.Мекенбаев, А.Мұсабек, Көктем, Алтын төбе көшелеріне жоба бойынша 4 дана трансформатор қондырғысын орнату, жалпы ұзындығы 11,019 метр электр желісін жүргізу қарастырылған. Аталған құрылыс жұмыстары аяқталған соң 623 отбасыны сапалы электр қуатымен қамтамасыз етулетін болады.