ТАУАР БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ, ТҰТЫНУШЫ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде азық-түлік бағаларының өсуіне бақылау жасауды және тұрақтандыру қорлары арқылы азық-түлік тауарлары нарығын тұрақтандыруды тапсырған болатын. Бұл мәселені өзінің қазақстандықтарға Жолдауларында да үнемі көтеріп, негізсіз азық-түлік бағасын көтеруге жол бермей, бағаны қатаң ұадағалау арқылы тұтынушы құқығын қорғауды міндеттеп келеді. Өйткені, Жаңа Қазақстанның басты мақсаты – әділеттілік. Қоғамдағы заң мен тіртіптң сақтау арқылы әділетті мемлекет қалыптастыру. Соған орай Түркістан облысында облыстық әкімдіктің тапсыруымен тиісті мекемелер мен жауапты тұлғалар тарапынан азық-түлік бағасын тұрақтандыру мен негізсіз өсіруге жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.
Тауарлардың бағасын тұрақтандыру және негізсіз өсуін болдырмау мақсатында Түркістан облысы әкімінің өкімімен құрылған «Азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі» комиссияның жыл басынан бері 70 отырысы өткізілді. Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтерген 213 кәсіпкерлерге әкімшілік шара көрілді.
Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, сатушылар шекті сауда үстемесінің жол берілетін мөлшері өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда берушінің сатып алу бағасының 15 (он бес) пайызынан асырмау тиіс. Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тарапынан, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің» 204-4-бабына сәйкес ішкі сауда субьектісінің «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ӘМАТ-қа сауда үстемесінің мөлшерін асырып сатқаны үшін Түркістан облысы бойынша 213 кәсіпкерлік субъектісіне әкімшілік шара көріліп, заң бұзушылықтар жойылды.
Жалпы Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты және бағасын негізсіз өсірмеу бойынша жұмыстар күнделікті бақылауда сонымен қатар тиісті шаралар атқарылуда.
Қазіргі уақытта ӘМАТ тізіміне 19 тауар; яғни, бірінші сортты бидай ұны, бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), рожки (өлшеніп салынатын), қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), картоп, асханалық сәбіз, басты пияз, ақ қауданды қырыққабат, ақ қант – құмшекер, күнбағыс майы, сиыр еті (сүйекті жауырын – төс бөлігі), тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік), пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада, майлылығы 2,5%, айран, жұмсақ қаптамада, сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ), тауық жұмыртқасы (І санатты), ас тұзы («Экстра»-дан басқа), сүзбе, майлылығы 5-9% кіреді.
Бәріміз де түрлі тауарлар мен қызметтерді тұтынып жатамыз. Біз – сатып алушымыз, емделушіміз, жолаушымыз, оқырманбыз, демек тұтынушымыз. Әрбір адам сауатты, өркениетті тұтынушы болу, сондай-ақ тұтынушылық құқығы мен мүддесін қорғай алу үшін қажетті білімге ие болуы керек. Өкінішке қарай, тауарларды сатып алу мен қызметтерді пайдалану барысында сапасыз тауарларға немесе сатушы мен қызмет көрсетуші тарапынан болатын жауапсыздыққа ұрынып жататын кезіміз бар. Демек, бұл тұтынушы құқығы жиі бұзылады, деген сөз. Ал бізде тұтынушы құқығы қалай қорғалып жүр? Өз құқығымызды білеміз бе?
Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұрғындарға дер кезінде ақпарат беріп, оларды қаржылық сауаттандыра отырып, өз құқықтарын сақтауды үйретеді. Бұл бағытта департамент мамандары түрлі шаралар ұйымдастырып отырады. Жалпы халықтың тұтынушы ретінде өз құқықтарын білгені олардың өмір сүру салтына тікелей әсер етеді. Қазіргі кезде дүние жүзі мемлекеттерінің заңдары БҰҰ Бас Ассамблеясының Тұтынушылар құқығын қорғаудағы негізгі қағидаларын басшылыққа ала отырып, құқықтық сауаттылыққа шақырады. Мәселен, тауардың қауіпсіздігі, ақпарат құқығы, тауарды таңдау, өз мүддеңді жеткізе алу, негізгі қажеттілігіңді қанағаттандыра алу, шығынның орнын жабу сынды қағидаларды сақтау маңызды.
Ал біздің елімізде тұтынушылардың заң бойынша тауарларды иеленуге, яғни еркін шарт жасасуға, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ағарту және тұтынушының өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері жиі айтылады. Кез келген тұрғын құқықтық сауаттылығын арттыруға, тауар туралы және сатушы жайлы ақпарат алуға құқылы. Сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіз тауарды сатып алуы және оның тиісті сапасына қарауы маңызды. Бүгінде тұтынушы тиісті де, тиісті емес сападағы тауарды айырбастап алу немесе қайтарып беру, тұтынушылардың көрсетілген қызметінің кемшіліктері салдарынан өздерінің өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды толық көлемде өтеп ала алады. Сондай-ақ, сатушыдан тауарды сатып алу фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сату кезінде жасалған шартты алу құқығы қарастырылған. Бұдан бөлек ұтыс түрінде берілген тауардың сапасы бойынша ойындардың ұйымдастырушысына кінә қоюға, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құруға, моральдық зиянды өтеу де заң тұрғысынан қорғалған.