АУДАН ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

0
68

«Қуатты өңірлер – Ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына байланысты бүгінде әр өңірдің басшысының жауапкершілігі артып, міндеттемелерді орындау барысында жұмысты бұрынғыдан да тиімді ұйымдастыру тапсырылған. Өйткені, қала, аудандардың әлеуметтік-экономикалық ахуалының жақсаруын жергілікті әкімдіктер қамтамасыз еткенде облыстың одан әрі республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының қарқыны артады. Бұл Қазақстан Республикасының қарыштап дамып, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына көтеріледі. Міне, осы мақсатқа жету жолында Түркістан облысының ікңмі Дархан Сатыбалды қалалар мен аудандардың әкімдерінің алдына нақты міндеттер қойып, олардың мерзімінде, сапалы орындалуын, қортындысында жылдық жоспарларын толық орындауын талап етіп отырады. Сондықтан да қала, аудан басшылары өздерінің өңіріндегі барлық мәселені назарынан тыс қалдырмай, жылдық межелерді дер кезінде орындап шығуды ұйымдастырып, қарамағындағылардан талап етеді.

Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары мен мекеме басшылары, дербес бөлім басшылары қатысты.

Мәжілістің күн тәрітібінде негізгі 3 мәселе қаралды. Бюджеттің игерілуі және индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы туралы алғашқы күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Қ.Егембердиев баяндама жасады. Екінші мәселе облыс және аудан әкімі тарапынан берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы болды. Ол бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Ф.Байтуғанов мәлімдеме берді. Соңғы қаралған мәселе ауылдық округ, кенттердегі санитарлық тазалық жұмыстардың жүруі жайында қаралды. Тазалық жұмыстарының барысы бойынша аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы Қ.Мухатов ақпарат беріп, баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер қаралып болған соң, аудан басшысы Нұржан Жақсылықұлы айтылған пікірлерді, баяндамаларды сараптай отырып бөлім басшыларына және жауапты азаматтарға нақты тапсырмалар жүктеді. Ағымдағы жылдың 9 ай қорытындысымен нақты индикаторлық көрсеткіштер мен облыс әкімі тапсырмаларының уақтылы орындалуы, ауыл-аймақтағы тазалық жұмыстарды күн сайын сараптап отыруды тапсырды. Тазалықтың қай мезгіл болмасын үздіксіз жүргізіліп тұруын, халықты ұқыптылыққа, жауапкершілікке шақыра жүріп, нәтижелі жұмыс көрсету қажеттігін ескертті.

Сол сияқты «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов жұмыс кестесіне сәйкес алдын ала жазылған аудан тұрғындарын қабылдап, өтініштерін тыңдады. Аудан басшысының қабылдауында болған тұрғындар әкімге өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, олардың шешу жолдарын табуға мүмкіндік алды.

Жеке қабылдау барысында тұрғын үй, ауыз су, қоқыс полигоны, жол жөндеу, жарық шамдар қою, кәріздік жүйе тағы басқа мәселелер бойынша өз ұсыныс-тілектерін білдірді.

Аймақ басшысы Нұржан Жақсылықұлы азаматтардың барлық өтініштер мен ұсыныстарын мұқият тыңдап шығып, заңнама аясында түсінік беріп, жекелеген сауалдар бойынша тиісті мекеме басшылары нақты тапсырмалар берді.