АТШАБАР АЛАҢЫ МЕН САРҚЫНДЫ СУ МӘСЕЛЕСІМЕН ТАНЫСТЫ

0
102

Қазақстанда бұқаралық спортты жан-жақты дамытуға барлық жағдайлар жасалынуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес таяу мерзімде қазақстандықтардың қырық пайыздайы бұқаралық спорт пен денешынықтырумен айналысуға тартылуы қажет. Ол үшін қалалар мен ауылды жерлерде де балалардың ойын және спорттық алаңшалары, ересектерге арналған шағын спорт алаңдары мен стадиондары салынып, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен қатар балалар мен жастарға арналған түрлі спорттық үйірме, секциялар, клубтар жұмыс жасауда. Сол сияқты республикамызда ұлттық спорт түрлерін дамытуға да аса мән берілуде. Бүгінде қазақ халқының ондаған спорт түрлері бойынша үйірме, секция, клубтарға қоса кәсіби спортшылары бар клубтар мен командалар да бар.

Көкпар, қазақ күресі, тоғызқұмалақ сияқты бірнеше ұлттық спорт түрлерінен халықаралық, әлемдік жарыстар да өткізіле бастады. Түркістан облысында ұлттық спорт түрлерін дамытуға, оның деңгейін көтеруге бағытталған жұмыстар нәтмжелі жүзеге асырылуда. Соның ішінде Сайрам ауданында да бұқаралық спортты дамыту мәселесіне айрықша көңіл бөліп келеді.

Мұның дәлелі, аудан әкімі Арман Сәбитов Ақбұлақ ауылы, Ақсу өзенінің бойында орын тебетін атшабар алаңының алдағы жоспарларымен танысты.

Жер телімі 3,6 га аумақты құрайтын аталмыш атшабар алаңында қөкпар, теңге алу, бәйге және т.б. ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізу мүмкіндігі қарастырылуда.

Аралау барысында аудан басшысы тұрғындарымыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту мақсатында салынғалы жатқан спорттық нысанның жобалық-сметалық құжаттарын тиянақты жүргізуді тапсырды.

Аудан әкімі Арман Сәбитов пен тиісті тұлғалар бастаған топ келесі кезекте Ақбұлақ ауылындағы Рәсіл ата көшесіне келді. Аралау барысында көпқабатты тұрғын үйлерден шығатын сарқынды суларды жинау орнына қатысты түйткілді мәселенің мән-жайына қанықты. Мұнда 2020 жылы салынған аталған нысанның жер телімінің көлемі 0,80 га аумақты құрайды.

Айта кетейік, қазіргі таңда сарқынды суларды жинайтын қосымша орындар салу бойынша қажетті жобалық-сметалық құжаттар дайындалған. Аудан басшысы жауапты тұлғаларға алдағы уақытта ол құжаттарды бюджеттік өтінімге енгізу керектігін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, әр көпқабатты тұрғын үйдің ауласына сарқынды суларды жинау ұңғымаларын жеке-жеке қазу мүмкіндігін қарастыру қажеттігін айтты. Және тиісті орындарға тазарту жұмыстарын жүргізу жайлы тапсырлмалар жүктеді.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Сайрам ауданы әкімі Арман Сәбитов Ақбұлақ дәрігерлік амбулаториясының ғимаратымен танысты. Іргетасы 2010 жылы қаланған медициналық мекемеде бүгінгі таңда 12 азамат күндізгі ем түрін қабылдайды.

Айта кетейік, аталған нысан 0,40 га аумаққа салынған. Қазіргі уақытта сырқат жандарға шипа сыйлайтын мекемеде 23 қызметкер жұмыс істейді және қажетті жиһаздармен қамтылған.

Алайда күнделікті күндізгі бөлімге ем қабылдау мақсатында көптеген адам кезекке тұрады.

Сондықтан бұл түйткілді мәселенің шешімі табылуы үшін Арман Сәбитұлы дәрігерлік амбулаторияға қосымша ғимарат салу жұмыстары қарастырылатынын айтты.

Бұдан бөлек, аталмыш жер телімін әкімдік балансына ала отырып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігін жеткізді.