ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТА БАҚТАРЫН СЫНАДЫ

0
82

Түркістан облысында бұқаралық сопрт пен балалар спортын дамытуға ерекше көңіл бөлініп, мүмкіндігінше барлық жағдайлар жасалынып келеді. Облыстың барлық аумақтарында балалар мен жасөспірімдер мектептері мен спорттың көптеген түрлері бойынша клубтар, секциялар да жұмыс жасайды. Сол мектеп, секциялардға қатысып спорттың өзі қалаған түрлері бойынша жаттыққан жасөспірімдер шеберлігі шыңдалған сайын алуын түрлі жарыстарға қатысып, жүлде ала бастайды.
Жақында ғана «Қайрат» спорт кешенінде волейболдан 2010-2011 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті. Салауатты өмір салтын насихаттау бұқаралық спортты дамыту, жасөспірімдерді патриоттық рухқа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға аудан, қалалардан 16 команда қатысты.
Жарыс барысында бақтарын сынаған волейболшылар өздерінің қалыптасып қалған шеберліктері мен шапшаңдықтарын байқатты.
Спорттық шарада Сайрам ауданының әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов алғаш сөз тізгінін алып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, бұл байқау спортшылардың шеберлігін шыңдап қана қоймай, волейбол спорт түрін облысымызда кеңінен дамытуға және үздік спортшыларды анықтауға атсалысатынын айтты.