САУРАН МЕН САРЫАҒАШТА ДА БЕЛСЕНДІ ДАУЫС БЕРУДЕ

0
53

Қазақстан Республикасында бүгін мемлекеттің болашағы мен ұлттың болашағын шешуде үлкен маңызы бар мәселені шешу бойынша жалпыұлттық референдумда дауыс беру жүріп жатыр. Түркістандықтар да бұл референдумнің маңыздылығын түсініп таңертеңнен бастап сайлау учаскелеріне қарай ағылуда.

Сауран ауданында 41 референдум учаскелерінде учаскелерінде интернет байланыс телефондары, қосымша электр көздері және тағы да басқа барлық қажетті құрал жабдықтармен қамтылғанӨңірде жалпы саны 51 051 сайлаушы бар болса, ал байқаушылар саны — 287. Алғашқы келген азаматтарға сый-сияпаттар берілді. Дауыс беру науқаны ережеге сәйкес өтуде.

Рефендум күні Сауран аудандық әжелер алқасының мүшелері №68 дауыс беру учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауларын жасады. Ақ жаулықты әжелер қоғамдық жұмыстармен қатар саяси науқандарға белсенді атсалысып келеді. “Болашаққа жаңа бағытта бет алған мемлекетіміз үшін бұл референдумның орны ерекше” — дейді әжелер алқасының мүшелері. Сауран аудандық әжелер алқасының құрамында 30-дан астам кейуана бар. Сауран ауданындағы дауыс беру учаскелеріне келушілердің қарасы қалың. Саурандықтар референдумда белсенділік танытуда. Жас пен жасамыс та өз таңдауларын жасап жатыр. Жібек Жолы ауылдық округінің егіз тұрғындары ағайынды Нұрбол мен Ербол Тәжібаевтар жұбайларымен бірге №86 учаскеде өз дауыстарын берді. 1982 жылы туған егіздер елеулі оқиғаларға үнемі атсалысып келеді. Олар бұған дейін де өткен барлық науқандарға жүйелі түрде қатысып жүргендерін айтып, өзге тұрғындарды да белсенді болуға шақырды.

Сауран ауданы бойынша 41 дауыс беру учаскелерінде қауіпсіздік шаралары санитарлық нормаларға сай ұйымдастырылған. Тұрғындардың қатысу белсенділігі де жоғары деңгейде.

Сауран аудандық учаскелік референдум комиссиялары жұмыстарын бастағаннан бері келіп дауыс берушілердің бірі халықаралық дәрежедегі спорт шебері грек-рим күресі бойынша Грузияда өткен ардагерлер арасында дүниежүзілік жарыс чемпионы, Оранғай ауылының тұрғыны Нұрмахан Өтепбергенов №897 сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын жасады.

«Бүгін мен елімнің болашағы үшін өз үлесімді қосқалы отырмын. Әр адам дауыс беруге белсенді қатысуы керек. Себебі біз жаңа Қазақстанды бірге құруымыз керек. Бүгінгі референдум – өзгерістерге бастайтын маңызды қадам», деді Нұрмахан Өтепбергенов.

Сауран ауданында жуырда ғана отау құрған жас отбасы алғаш рет референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады. Үшқайық ауылдық округінің тұрғындары Дәрібай Хасенұлы мен жұбайы Дилназ Бақытжанқызы жалпыұлттық референдумға белсенділік танытуды азаматтық парызымыз деп біледі.

“Бүгін азаматтық позициямызды білдіру үшін сайлау учаскемізге келдік. Себебі бұл әрбіріміздің парызымыз. Біз азамат ретінде еліміздің ертеңіне, болашақ ата-ана ретінде балаларымыздың келешегіне жауаптымыз”, деді жас жұбайлар.

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында  да таңғы 07:00-ден бастап 14 қала және ауылдық округі мен аудан орталығындағы 82 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Атом электр станциясының құрылысына қатысты шешім елдің экономикалық және экологиялық болашағына елеулі әсер ететіндіктен, халық өз таңдауын жасауға асығуда.

Сайлау учаскелеріне ең алғашқылардың бірі болып келген тұрғындарға арнайы сыйлықтар табыс етілуде. Жалпыұлттық референдум нәтижесі негізінде халқымыз Қазақстанда атом электр станциясын салу қажет пе, әлде қажет емес пе деген мәселені шешеді.